CІМ Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне жауап берді

1405
0
Бөлісу:

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Трамптың сөзі кезінде АҚШ-тың қорғаныс министрінің көпшілік алдындағы сөзін жазып берген Гай Снодграсстың  кітабында жарияланды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Holding the Line: Inside Trump’s Pentagon with Secretary Mattis авторы өткен жылдың қаңтар айында Пентагонда штаб басшылары комитетінің бірлескен кездесуіндегі АҚШ президентінің сөзін мысалға келтірген. Жиында Ауғанстанға қолдау көрсету мәселесі талқыланған болатын.

Қарулы күштер өкілдерімен өткен кездесуде Трамп әскери шығынды сөз етті.

Кітап авторының айтуынша, Дональд Трамп Ауғанстан туралы сөзінде «біз (АҚШ – Sputnik) өзімізден басқаның бәріне көмектесеміз» деген болатын.

«Қазақстан өте бай мемлекет екенін білесіздер. Менің соңғы сапарым кезінде олар (кім екені нақтыланбайды) бізге «рахмет» айтты. Бірақ олар неге бізге төлемейді? Неге күресуге күш салмайды?», – деп жазады Гай Снодграсс өзінің кітабында Трамптың сөзін келтіріп.

Сыртқы істер министрлігінің жауабы

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Трамп ресми сапармен Қазақстанға ешқашан келмегенін айтты.

«Мүмкін ол басқа ел туралы айтқысы келген шығар», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, АҚШ Қазақстанның Ауғанстанның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды. Біздің еліміз Ауғанстанға гуманитарлық, техникалық және білім саласында қолдау көрсетеді.

«Бұл өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің ортақ міндетіміз», – деді Смадияров.

Дональд Трамп бұған дейін де өз мәлімдемелерінде қателескен болатын. Мәселен, қазан айының ортасында Италия басшысы Серджо Маттарелламен өткен баспасөз мәслихаты кезінде Трамп АҚШ пен Италияны ортақ мәдени, саяси мұра байланыстыратынын айтқан болатын. Оның айтуынша, бұл мұра тарихы сонау Көне Рим заманынан бастау алады. Оның сөзі Италия тарапының аудармашысын қатты таңғалдырды.

Сондай-пқ, Трамп Маттарелланың тегін де шатастырып алып, танымал италиялық ірімшік «Моцарелла» сынды айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті + он жеті =