Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні елді шулатты

1045
3
Бөлісу:

Семей қаласындағы Жеңіс саябағында тұрған халық батыры Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні халықтың наразылығын тудырды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Осындай мүсіндерді кім жасап, орнатуға кім рұқсат береді?» деп пікір жазып жатқан желі қолданушылары батыр мүсінін алып тастауды талап етуде.

Ал, мүсін авторлары Юлия және Иван Кортуновтар бұл мүсінге қала әкімдігі тапсырыс бергенін айтып, өзге емес, дәл Мәншүкті кескіндеуге тырысқандарын айтып ақталуда.

«Бізді қалада осындай мүсіндер жасау үшін Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметовичтің өзі шақырған. Әрине, тегін емес», – деді Кортунова arnapress.kz басылымына берген сұхбатында.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. тресбай 4 Қараша, 2019 13:38 Жауап

    мыналары ұят қой,бүкіл ұлтты келемеждеу ғой -ұлықсат беріп отырған билікті жазалау керек

  2. Құралай 4 Қараша, 2019 22:35 Жауап

    Бір жануардың мүсініне бәленбай млн ақша жұмсайды екенсіңдер де, ал қазақтың батыр қызы,жерімізді қорғауға жанын берген тұлғамыздың мүсінің ұсқыны осылай қылдыңдар ма???? Масқара!!!!

  3. Құралай 4 Қараша, 2019 22:37 Жауап

    Картуновтар көп рахмет!!! Енді бұндай жобаға кіріспессіздер деп үміттенемін!!!

Пікір немесе жауап жазу

он бір + он жеті =