Мәдениет министрлігінің бұрынғы хатшысына қатысты сот үкімі шықты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қ.С. Уәлиев 37 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.С. Уалиевке, министрліктің Әкімшілік департаментінің директоры Е.Т. Дәржібаевқа, "ҚазАқпарат" баспа корпорациясы" ЖШС президенті Қ.Қ. Ботбайға қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Қ.С. Уәлиев және Е.Т. Даржибаев екеуі Қ.Қ.Ботбайдан діни тақырыпқа әдебиет басып шығару бойынша мемлекеттік тапсырыс шартын жасау арқылы көрсеткен жалпы көмегі үшін 37 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

"2019 жылдың 30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы №2 сотының үкімімен С.К. Уәлиев пен Е.Т Даржібаевқа 8 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сот үкіміне сәйкес Қ.Қ. Ботбай 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.