Ислам Әбішев сотындағы куәгер: Тергеуші өзі сұрақ қойып, өзі жауап жазды... (видео)

Соттағы "бомба"...

Марқұм Өмірбек Жампозовтың баласы:

"Менің айтқан мәліметтерім бірінші протоколда шын болған. Ол 3-4-ақ бет болған, мына сияқты көп болған жоқ. Оны тергеуші жыртып тастады... Кейінгі протоколдардағы менің сөздерім емес, тергеуші өзі сұрақ қойып, өзі жауап жазды..."

"Қасқа айғырдың баласы қасқа болмаса да, төбел боп туады" дейді қазақ.

Кезінде, 2017 жылы "Әбішевке қарсы показания бер" деген тергеуші мен прокурорды атып жаралап, соңында өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың баласы бүгін Әбішев сотында Жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросының бар былығын жайып салды.

Асылжан Жампозов іс бойынша тіркелген өз жауаптарынан "мұның бәрі менің сөзім емес, менің айтқандарымды екінші тергеуші жыртып тастап, жаңадан протокол жазды да, маған оқытпастан қол қойдырды. Мен қол қоюға мәжбүр болдым, өйткені олар мені қорқытты, "іс бойынша куәгер емес, күдікті боп кетесің" деді... мен анам үшін де, балам үшін де, өзім үшін де қорықтым... кейін ол өзі жазған протоколдарға қол қойдыртты, мен қатты қобалжып, қиналып отырып, толық оқымастан, қол қой деген жердің бәріне қол қойдым..." деді Асылжан Жампозов.

Асылжан десе, асыл жан екен!!!

- Сен ант қабылдадың, сотқа жалған айтсаң, өтірік сөйлесең, жауапқа тартыласың, оны білесің бе?...- деп екінші рет ескерту жасаған судья Қажымұқан Мекемтасұлына Жампозов "осы сотта айтып отырған сөздері шын екенін, кейінгі протоколдарды жақында оған тергеуші ватсап арқылы жолдап, осыларды жақсылап жаттап ал, сотта осылай деп жауап бер, қосымша сұрақтар қойса, протоколда бар деп қоя сал" дегенін жеткізді.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының тергеушілері Жампозовқа бірнеше рет қоңырау шалған, "поговорим по-мужски" деген, ал Жампозов олардың қоңырауларына жауап бермей қойған.

Ал сотқа куәгер ретінде шақырту смс арқылы ғана бармаған, сонымен қатар, судья Мекемтастың және хатшы Мәліктің қолы қойылған "Повестка" оның өз үйіне (анасына) және інісінің үйіне тергеуші өз қолымен апарып, Жампозовпен байланыс орнатуды көздеген.

Бүгінгі жаға ұстатқан мәлімдемелер айтылған сот процестерін менің тікелей эфирлерімде анық көре аласыздар.

Сәуле Әбілдаханқызы, Фейсбук парақшасынан