Ислам Әбішев сотындағы куәгер: Тергеуші өзі сұрақ қойып, өзі жауап жазды… (видео)

5006
33
Бөлісу:

Соттағы «бомба»…

Марқұм Өмірбек Жампозовтың баласы:

«Менің айтқан мәліметтерім бірінші протоколда шын болған. Ол 3-4-ақ бет болған, мына сияқты көп болған жоқ. Оны тергеуші жыртып тастады… Кейінгі протоколдардағы менің сөздерім емес, тергеуші өзі сұрақ қойып, өзі жауап жазды…»

«Қасқа айғырдың баласы қасқа болмаса да, төбел боп туады» дейді қазақ.

Кезінде, 2017 жылы «Әбішевке қарсы показания бер» деген тергеуші мен прокурорды атып жаралап, соңында өзін атып өлтірген Өмірбек Жампозовтың баласы бүгін Әбішев сотында Жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросының бар былығын жайып салды.

Асылжан Жампозов іс бойынша тіркелген өз жауаптарынан «мұның бәрі менің сөзім емес, менің айтқандарымды екінші тергеуші жыртып тастап, жаңадан протокол жазды да, маған оқытпастан қол қойдырды. Мен қол қоюға мәжбүр болдым, өйткені олар мені қорқытты, «іс бойынша куәгер емес, күдікті боп кетесің» деді… мен анам үшін де, балам үшін де, өзім үшін де қорықтым… кейін ол өзі жазған протоколдарға қол қойдыртты, мен қатты қобалжып, қиналып отырып, толық оқымастан, қол қой деген жердің бәріне қол қойдым…» деді Асылжан Жампозов.

Асылжан десе, асыл жан екен!!!

– Сен ант қабылдадың, сотқа жалған айтсаң, өтірік сөйлесең, жауапқа тартыласың, оны білесің бе?…- деп екінші рет ескерту жасаған судья Қажымұқан Мекемтасұлына Жампозов «осы сотта айтып отырған сөздері шын екенін, кейінгі протоколдарды жақында оған тергеуші ватсап арқылы жолдап, осыларды жақсылап жаттап ал, сотта осылай деп жауап бер, қосымша сұрақтар қойса, протоколда бар деп қоя сал» дегенін жеткізді.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының тергеушілері Жампозовқа бірнеше рет қоңырау шалған, «поговорим по-мужски» деген, ал Жампозов олардың қоңырауларына жауап бермей қойған.

Ал сотқа куәгер ретінде шақырту смс арқылы ғана бармаған, сонымен қатар, судья Мекемтастың және хатшы Мәліктің қолы қойылған «Повестка» оның өз үйіне (анасына) және інісінің үйіне тергеуші өз қолымен апарып, Жампозовпен байланыс орнатуды көздеген.

Бүгінгі жаға ұстатқан мәлімдемелер айтылған сот процестерін менің тікелей эфирлерімде анық көре аласыздар.

Сәуле Әбілдаханқызы,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 33 пікір жазылған

  1. Қасымбек Жаңбырбай 31 Қазан, 2019 10:43 Жауап

    Жүйенің әділетсіздігінен қанша жазықсыз қазаққа қиянат жасалды! Тоқтауы болу керек! Алла жар болсын! Ислам сотында әділдік орнасын!

  2. Жанабай 31 Қазан, 2019 10:49 Жауап

    Сот барлығын ескеріп оң, әділ шешім қабылдауын талап етеміз! Халықтың налогынан түсіп отқан ақшамен айлық алып отқан сот әділ шешім шығармауға құқығы жоқ! Халық қолдайды Исламды!

  3. Хадиша 31 Қазан, 2019 10:51 Жауап

    Намысты жигиттер ардан аттап жалган «показания» бере аламайды, жарайсын! Негизги куагер бас тартып жатса Ислам бауырымыз босап шыгады деп сенемиз!

  4. Надия 31 Қазан, 2019 10:53 Жауап

    Азамат екен! Ұяты бар жігіт! Әрбір қазақ әділдік үшін күре уі қажет! Сәттілік, сот оң шешім шығарсын!

  5. Ғазеке 31 Қазан, 2019 10:56 Жауап

    Атыңа сай екенсің! Жарайсың! Қазақ қазаққа қиянат жасамауы тиіс! Асылжан шыныменде Асыл жан екен!

  6. Жанар 31 Қазан, 2019 11:03 Жауап

    Кеште болса ойланып ары жібермеген болар. Дұрыс жасадың! Соттын Исламды босатпасқа амалы қалмады! Енді босатпаса опасыздық жүйенің іріп шірігені, әділдіктің жоқтығы!

  7. Фархат 31 Қазан, 2019 11:06 Жауап

    Жаксы жаналык. Асылжан дурыс жасадын! Батыр екенсин! Ислам Абиш иси женилдейди деп сенемиз енди!

  8. Үсен 31 Қазан, 2019 11:14 Жауап

    Шіріп жатқан жүйеге ішің ашиды!
    Созыла бермей ақтап бостандыққа шығарсын дейміз!

  9. Айжан 31 Қазан, 2019 17:08 Жауап

    Жақсылықтың нышаны шығар.Сәттілік серік болсын! Ислам Әбішев мырзаға бостандық тілейміз!

  10. Мәмбет Құрманбаев 31 Қазан, 2019 18:31 Жауап

    Нағыз азамат екен Асылжан баламыз! Тергеушілердің жасаған қысымы туралы сотта ашығын, тек адалдыққа, ақиқатты айтып жатыр Ислам Әбішевтің адалдығын дәлелдеп берді! Алла Ислам Әбішевтің бостандыққа шығуына тілектеспін !

  11. Айша 1 Қараша, 2019 06:56 Жауап

    Асылжанның келіп, шындықты бүкпесіз баяндауы жақсылықтың нышаны. Алланың қолдауы ғой бұл да. Ислам ағамызға бостандық!

  12. Асыл 1 Қараша, 2019 07:12 Жауап

    Бостандық берілуін талап етеміз Ислам Əбішевке! Егер осыдан кейін әділетті шешім шықпаса Дулат Исабеков көкеміз айтпақшы, қоғамның толқу туғызуы мүмкін.

  13. Ая 1 Қараша, 2019 07:16 Жауап

    Біздің «Аса Құрметті» сотқа Жампозовтың айтқанынан асқан қандай дəлел керек? Ислам Əбішевке бостандық берілсін!

  14. Марал 1 Қараша, 2019 07:21 Жауап

    Тергеушілер деген сұмдық болды ғой, өздері жазып, өздерінің қалағанын айтқызатын. Алла жазасын бергірлер.

  15. Жанарыс Қоңырат 1 Қараша, 2019 07:25 Жауап

    «Ислам Əбішев ақталды» деді кеше қорғаушы Абзал Құспан. Бастысы Исекеңді қолдаған қалың қазақ ол кісінің ақ екеніне көз жеткізді. Аллаға шүкір Ислам Əбішев еркіндікке шықсын!

  16. Айжан 2 Қараша, 2019 09:10 Жауап

    Жақсы жаңалық екен! Ислам Әбішев мырзаға тілеулес болған көпшіліктің тілегі орындалды.

  17. Зира 2 Қараша, 2019 12:57 Жауап

    Сотта бұрын соңды мұндай жағдай көп кездесе бермейтін болар. Айыпталушы жақтың тарапына өтуі бұл Исекеңнің анық жеңісі. Алла қорғаны болсын Асыл азамат Асылжанның.

  18. Гүлсезім 2 Қараша, 2019 12:58 Жауап

    Ислам Əбішевтің ақ екеніне сенбей жүргендердің аузына осыдан кейін құм құйылатын болды.Əбішевке шұғыл түрде бостандық!

  19. АЙША 2 Қараша, 2019 13:01 Жауап

    Аққа күйе жағуға талпынғандар қанша арамтер болса да ақты кірлете алмайды.Ислам Əбішевтің кінəсіз екеніне қалың елі сенде. Алла жар болсын!

  20. Өмірбек 2 Қараша, 2019 22:28 Жауап

    Асылжан бауырым аумай əкең сияқты ақты ақ қараны қара дейтін адал жəне батыл жігіт болыпсын. Еңсеңді көтеріп жүр, сенің əкең керемет жан еді.
    Алланың нұры жаусын саған.

  21. АЙША 3 Қараша, 2019 23:05 Жауап

    Асылдың сынығындай болған Асыл Жан айналайын, шындықты айтқан өзіңе Алла разы болсын! Исекеңе бостандық!

  22. Асыл 3 Қараша, 2019 23:07 Жауап

    Жампозовтай есіл ерлер болмаса ұлттық бюроның бетпердесі ашылмас па еді кім білсін!

  23. Мая 3 Қараша, 2019 23:08 Жауап

    Алла жар болсын Ислам Əбішке, бостандық берілсін! Сот ісі де жетер жеріне жетті ғой ендігі.

  24. Мариям 3 Қараша, 2019 23:10 Жауап

    Жампозовты да Алланың өзі айдап алып келген шығар, сотқа. Молодец! Нағыз азамат! Исекеңе бостандық!

  25. Гүлім 4 Қараша, 2019 18:51 Жауап

    Алла өзі кез келген түйінді шешіп береді.Біртіндеп соған келе жатырмыз. Əлі ақ Исекең бостандыққа шығып, өз ісін одан əрі дөңгелетеді.

  26. Мира 4 Қараша, 2019 18:53 Жауап

    Айыптаушы жақтың куəсі айыпталушы тарапқа өтуі көп кездесе бермейтін жағдай. Алланың қолдауы бұл. Исекеңе бостандық!

  27. Еркеназ 4 Қараша, 2019 18:56 Жауап

    Жампозовтың ұлы Асылжан жарады.Енді қауіпсіздігі қорғалсын! Əбішевке бостандық.

  28. Ажар 4 Қараша, 2019 19:00 Жауап

    Ислам аға халықтың нағыз жанашыр да қамқор азаматы.Қанша адамға жасаған жақсылығын айтсаң адам сенбес жағдай. Қаншама отбасы тілеуін тілеп отыр. Іскер де қамқор азаматқа Алла жар болсын. Исекеңе бостандық!

  29. Асыл 4 Қараша, 2019 19:05 Жауап

    Тергеушілер қыспаққа алса жетіскен екенбіз. Жеткен жеріміз осы болса жетіскен екенбіз. Мұндай сорақылықтан кейін бостандық берілуі керек.Сот тоқтатылуы керек. Бостандық Əбішевке.

Пікір немесе жауап жазу

бес × 2 =