Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі экономикамыздың осалдығын көрсетеді – Тоқаев

Бөлісу:

Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі Қазақстан экономикасының осалдығын көрсетеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Мемлекет басшысы тамақ өнімдеріне, ең алдымен, нан мен ет өнімдеріне қымбаттауына жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуі біздің экономикамыздың осалдығының айқын көрсеткіші болып табылатынын мойындау керек. Мысалы, сыртқы нарықтарда конъюнктураның нашарлауына сілтеме жасау мүлдем орынсыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның мәліметінше, үкімет экономика өсімінің жаңа тетіктерін құру үшін қосымша шаралар әзірледі.

«Бұл шараларды мен арнайы кеңесте мақұлдадым. Оларды шұғыл түрде жүзеге асыру қажет», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Президент келесі бір маңызды міндет ретінде қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын айтты. Ол жұмыссыздық проблемасын, медициналық қызмет көрсету ісін жақсарту қажеттігін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын ерекше атап көрсетті.

Өмір сапасын арттыру мен қаланың инфрақұрылымын дамыту ісін қамтамасыз ету мәселелері де мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады.

«Біз Алматыны халықаралық бизнес және туризм орталығы ретінде көрсетеміз. Сондықтан қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі барлық жұмыс халықаралық стандарттарға сай бейімделуі тиіс», – деп тапсырды Тоқаев.

Ең бастысы, президенттің пайымынша, азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы әрі жайлы болуы керек.

«Бұған үйге баратын жолдың болуы, әлеуметтік инфрақұрылымның жақын әрі қолжетімділігі, сапалы ауызсумен, газбен, үздіксіз электр қуатымен және жылумен қамтамасыз етілуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді», – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

16 − он алты =