Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары кәсіпкерді зиратқа апарып қорқытқан

7403
1
Бөлісу:

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының тұрғыны жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының әрекетіне шағым түсірді.

Әйел мәжілісмен Василий Олейниктен көмек сұраған, деп хабарлайды телеканал «Астана» телеарнасы.

Замира Тотанова облыс әкімі орынбасарының шақыруымен үш жыл бұрын Риддерге көшкен. Оған ғимаратты сенімді басқаруға беруі тиіс болатын. Жөндеу жұмысы аяқталған соң, кәсіпкер әйел балабақша ашты.

Тотанованың айтуынша, біраз уақыттан кейін әкімдік ғимаратты жалға алғаны үшін ақша талап ете бастаған. Әйел бопсалау фактісі туралы жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлады. Алайда олар көмектесудің орнына қоқан-лоқы көрсетіпті.

«У. есімді жетекшісі бастаған жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері 2 қараша күні мені аяқкиім мен сырт киімсіз зират жаққа апарды. Жәбір көрсетіп, облыс әкімінің орынбасарына арыз жазуға болмайтынын айтты», – дейді кәсіпкер әйел.

Ол мұны дәлелдейтін аудиожазба бар екенін айтып отыр.

Риддер тұрғыны Ұлттық қауіпсіздік қызметіне де хабарлаған. Бірақ олар бұл мәселемен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жеке қауіпсіздік департаменті айналысатынын айтқан.

Мәжіліс депутаты әйелге көмектесуге уәде берді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 13 Қараша, 2019 15:13 Жауап

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері осылайша қорқыту бопсалау, жалған жала жауып түрмеге тоғыту кәсібін меңгерген ғой ! Ислам Әбішевте осындай жалақорлардың құрбаны болған. Ісін сот отырысы залында жалған жала екені толық дәлелденді! Енді әділ сот шешімімен бостандыққа шығаруын бір қауым ел күтуде!

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз − бес =