Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген Ұлыбритания азаматы болып шықты

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қалалық сот.

Кінәлі азамат бұл бап бойынша 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұлыбритания елшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Біз Алматыдағы британиялық сәбидің өлімі мен Ұлыбритания азаматының тұтқындалуына байланысты полициямен тұрақты байланыстамыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елшіліктің коммуникациялар бөлімінің мамандары.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең болды. Әкесі туған қызын ұрып өлтірді.