Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген Ұлыбритания азаматы болып шықты

332
0
Бөлісу:

Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлыбритания азаматы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша күдікті Ұлыбритания азаматын екі айға қамау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қалалық сот.

Кінәлі азамат бұл бап бойынша 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұлыбритания елшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Біз Алматыдағы британиялық сәбидің өлімі мен Ұлыбритания азаматының тұтқындалуына байланысты полициямен тұрақты байланыстамыз», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне елшіліктің коммуникациялар бөлімінің мамандары.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең болды. Әкесі туған қызын ұрып өлтірді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − 16 =