"Асар" қалашығының ашылуына айрықша көмек берген - ИСЛАМ ӘБІШ (видео)

Шымкенттегі "Асар" қалашығының ашылуына айрықша көмек берген - Ислам Әбіш. Бұл туралы қалашықты салған "Ақ орда" компаниясының президенті Ибадулла Қалыбек өзінің видео үндеуінде айтты.

- Ислам Алмаханұлы жол-жорық, шынайы көмек көрсетіп, жанашырлық танытып, осы жердің бөлінуінен бастап, сол қалашыққа көшкен 20 мыңға жуық халықтың азаматтық алуына, барлық жұмыстардың рәсімделуіне тікелей көмек берді. "Уақытым жоқ, ертең кел" деген сөзді ол кісіден бір рет естімедім. Шеттен келген қандастар үшін өзінің қуанышынан артық қуанады, - деді ол өз сөзінде.

qazaquni.kz