Бюджеттің бағыты анықталды

  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Мәжілісте заң жобасын тал­қылау барысында бірқатар түзетулер енгізілді және бюджет жобасының параметрлері қайта қаралды. Түзетулердің бір бөлігі Мемлекет басшысының Жолдауын, сондай-ақ оның жекелеген тапсырламаларын қаржылық қамтамасыз етуге бағыттал­ған. Шығыстардың негізгі бөлігі мұғалімдер мен мә­дениет қыз­мет­керлерінің жала­қысын ұлғайтуды көздейді. Бұл үш жылға шамамен 1,1 трлн теңге. Микро және шағын бизнесті табысқа салынатын салық төлеуден босатуды ескере отырып, субвенциялар көлемі өзгертілді. 2020 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 29 пайызы. «Енгізілген түзетулер аясында Есеп комитетінің бірқатар ұсынымдары ескерілді. Қосым­ша Үкімет жергілікті атқару­шы органдардың қаражатты жұмсауына мониторингті және бақылауды күшейту тетіктерін пысықтауда», – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов. qazaquni.kz