Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Еңбек Ері" атағы берілді

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Еңбек Ері" атағы берілді. Президенттің Қаулысы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Ә.К.Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.