Әлібек Шегебай: Сот көрдім, сот ішінен сұмдық көрдім…

6128
3
Бөлісу:

СОТ ЗАЛЫНАН…

Ислам Әбішевке

Сот көрдім,
Сот ішінен сұмдық көрдім,
Қос қолы кісенделген шындық көрдім.
Адамның тағдырымен ойнайтұғын
Айлалы, айнымалы мұңлық көрдім.

Көз көрдім,
Көз ішінен үміт көрдім,
Аққанын самайдан да тұнық тердің.
Қылмыстың ақ, қарасын айыратын
Қазының қабағынан күдік көрдім.

Шен көрдім,
Түрі қазақ, тілі басқа,
Білмейсің өлі бас па, тірі бас па?
Не деген суық еді от, жанары
Әйтеуір салқын қабақ, сыры басқа.

Рух көрдім,
Сынбаған, иілмеген,
Күрсінгені болмаса күйінгеннен.
Ұзақ сонар бітпейтін сұрақ, жауап,
Өне бойы тұратын түйіндерден.

Мінез көрдім,
Қасқайып қаймықпаған,
Қорқыту мен үркіту айнытпаған.
Қартты көрдім қол жайып бата берген,
Ана көрдім уайымнан қайғы ұрттаған.

Мейір көрдім,
Бағымыз жанар деген,
Пейіл көрдім ақталып қалар деген.
Жаратқан жар болғайсың,
Амал қанша?
Осындай болып тұр ғой заман деген!

Әлібек ШЕГЕБАЙ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Айбын Аргын 28 Қазан, 2019 11:39 Жауап

    Өте терең жазылған шығарма!!! Темір торда жатқан азаматтың рухын көтеріп, бойына күш-қуат беретіндей әсерлі екен!!! Алла Ислам Әбішевтің бостандыққа шығуын нәсіп етсін!!!

Пікір немесе жауап жазу