Қазақстаннан күн сайын 100 тоннаға жуық жанар-жағар май заңсыз тасымалданған

Қазақстаннан Қырғызстанға күн сайын 100 тоннаға жуық мұнай өнімі заңсыз тасымалданған. Бұл туралы Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі хабарлады.

Олардың дерегінше Шу облысынан ұзындығы үш шақырым болатын астыртын құбыр салынған. Мұнай құбыры Кен Булун ауылында табылды. Ол жерде сорғылармен жабдықталған тұтас база мен қойма орналасқан.

Қазір құқық қорғаушылар қылмыстық іске жауаптыларды іздестіруде. Ал отандық сала ведомстволары әзірге бұл іске қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр.

Дереккөз: "Астана" арнасы