Әлия Рақышева ҚР Президентінің кеңесшісі болды

Әлия Рақышева ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Қ.Тоқаевтың Өкімімен Ә.Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.