Мәмбет аталық жайында не білеміз?

Тәтімбет батыр Әбілқайыр ханның Ресей патшасына жіберген екінші елшілік құрамында болып, қазақ халқының тыныштығы мен тұтастығының берік, болашағының жарқын болуын қамтамасыз ететін елдік және ерлік істердің көшбасшыларының бірі. Мәмбет аталық туралы айтқанда, жазғанда оның шығу тегі мен жасы ғана емес, қазақ халқы ушін атқарган еңбегін, халық ісіне араласқан саясаткер, қайраткер болғанын оқырман қауымға жан-жақты әрі терең жеткізе білгеніміз абзал. Көнеден бізге жеткен аңыз-әңгімелердің артында шындық оқиғалар тізбегі жатады. Ол өткен тарихымыздың ауыздан- ауызға тарап жеткен шежіресі ғана емес, жалпы жазба тарихтың негізі. Сондықтан да әрбір ел аузындагы әңгімелерді ой елегінен, тарихи деректер сүзгісінен өткізіп барып пайдаланғанда ғана мол қазына шынайы рухани байлыққа айналмақ. Ел ішінде есімі аса құрметпен аталатын, сары даланың жолынан үзіліп естілетін аңыз бен шындық иесінің бірі - Шөмекей Мәмбет аталық. Бұл кісінің есімі Сыр мен Қырдың арасында жиі айтылып жүрсе де, бүгінде бабаның айтқан үлағатты сөзі мен тәрбиеге негізделген кеңесі, атқарган қызметі туралы бізге жеткен материалдардың тым тапшы екені байқалады. Мәмбет атаның адамгершілігі мен ақыл-парасатына тәнті болған халық оның есіміне аталық дәрежені қосып берген Мәмбет аталық - әйгілі ханның кеңесшісі әрі бала тәрбиешісі болган. Ордадағы әртүрлі шаруаларды үйлестіру қызметін де адал атқарған үлкен тұлға болган. Жалпы «Аталық» деген жоғары дәреже кез келген адамға бүйыра бермеген. Ол - мемлекеттік дәрежедегі, яғни хан ордасының ең сенімді адамы санатындагы түлғаның бірі болған. Мәмбет аталықтың ататегі - Кіші жүз - Алшын - Қаракесек - Шөмен - Шөмекей - Бозғыл - Қаратамыр руынан, Тәтімбет би Бұлғақұлының туған інісі . Мәмбет бір жағынан би әрі батыр болған кісі. Ол Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағында өмір сүрген. Жоғарыда айтқанымыздай, Қармақшы өңіріндегі бес Бұлғақтың бір баласы. Бейіті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде. Ел ішіңде Мәмбет аталықтың үлкен адамгершілігі мен парасаттылығы жоғары бағаланған. Сондықтан да ол «Аталық» деген жоғары атақты иеленген. «Мәмбет аталықтың жас шамасын анықтау мақсатымен демографиялық (текті есептеу) зерттеулер бойынша әрбір аталық арасын 25-30 жастан есептегенде, Мәмбет Бұлгақұлы шамамен 1704- 1769 жылдар аралығыңда өмір сүрген деп толшылауға болады» деп жазады Тынышбек Дайрабай өз мақалаларында. Кейін жарық көрген «Қармақшы» атты авторлық кітапта да солай көрсетілгенін байқадық. Көне дәуірде қазақ хандарының отбасына аталық кеңес беру екенің бірінің қолынан келе бермейтін анық жайт еді. Кезінде Мәмбет бабаның ірі тұлға болғанын, оның хан ордасында аталық болып, көп жауапты жұмыстар атқарғанын дереккөздері толық растайды. Мәмбет аталық әрдайым Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қасынан табылып, оның орыс патшалығымен қарым-қатынаста болуына ықпалын тигізіп отырған. 1738 жылдың 3 тамызында Орынбор шекаралық комиссияның бастығы В.Татищевтың қабылдауында болған Әбілқайырдың 12 биінің бірі – Мәмбет аталық. «Ант берген ру ақсақалдары мен билерінің ішінде 56 адамның бірі болып Кіші жүз, Алшын, Шөмекей – Мәмбет аталық (Қазалы және Ырғыз уездерінің атынан) енеді. Ант қабылдау құжатына хан Әбілқайыр мен баласы Ералы сұлтанның мөрлері басылып, қолдары қойылған. «Айқас» кітабы (50-51 б.б). «Қазақ қай заманда Россияға қосылған» атты М.Сералиннің 1913 жылғы мақаласынан оқып, танысуға болады» деп Т.Дайрабай өз еңбегінде атап көрсеткен. МӘМБЕТ аталық (1704-1769) жылдары өмір сүрген ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЭНЦКЛОПЕДИЯСЫ 6-ТОМ 420 бет. Алматы, 2004 ж. Мәмбет аталық туралы айтқанда, жазғанда оның тек шығу тегі мен жасын ғана емес, қазақ халқы үшін атқарған еңбектері, халық ісіне араласқан саясаткер немесе қайраткер болғанын да қалың оқырманға әлі де жеткізе түсу қажет. Қағазға түскен деректердің өзінен ол кісінің қандай қасиетті адам болғанын және де өз халқының болашағын дәл болжап кеткенін анық байқауға болады. Көрнекті тұлға Мәмбет Бұлғақұлының өз талабы мен еңбегінің арқасында Аталық мәртебесіне ие болып, туған халқына өнегелі із, тәрбиелі сөз қалдырғаның мына бір даналық ойдың жемісінен туған: «Алғашқы тәрбие-анадан, Ел билеуі-әкеден. Санасы бардың- Сапасы болар. Бүгінгі бала бүркіт, Ертеңгі қыран бүркіт болар» деген ғибратты сөзінің қанша ғасырдан бері халықпен бірге жасап, ұмытылмай келе жатқаның өзі бір ғанибет емес пе?! Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына Нұралы сұлтанды хан етіп сайлауға генерал губернаторға арнайы хат жазып, үндеуге қол қойғандардың ішінде басы Жәнібек Тархан болса, оған басқа қол қойғандардың бірі – Мәмбет аталық болыпты. Ал осының алдында (1748 жылдың 21 қыркүйегінде) Нұралы сұлтанмен бірге Бөпей ханшаға көңіл айта барғанның ішінде Мәмбет аталық болған екен. Ол Әбілқайыр ханның өлімін анықтауға белгіленген төрт бидің бірі болып бекітілгенді. Міне осындай ел бірлігін сақтауға белсене қатысқаны жайлы бірқатар деректерден Мәмбет аталықтың өз заманының көрнекті қайраткері болғанын көреміз. Сол замандағы беделді адамдардың есебінде оның денесі Туркістаңдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенеге қойылғаны жөніндегі көнекөз қариялардан мұндай әңгіме біздерге аңыз болып жеткен. Әбілқайыр хан 1732 жылдың желтоқсан айында Ресей патшалығына екінші рет елші аттандырғанын жоғарыда айттық. Бұл сапарға ханның баласы Ералы сұлтан мен Кіші жүздің старшинасы Тәтімбет Бұлғақұлы мен Баубек төленгітті бірге аттандырады. Жолай олар бірнеше қалада болып, қабылдау мерзімі жақындағанда тағы да жолға шығады. 1734 жылдың ақпан айында Ералы сұлтан патшайымға елшіліктің құрамын және келген мақсатын таныстырады. Осы жылдың сәуірінде меймандар патшаның грамотасын қабылдап алады. Ресей еліне адалдығын білдіріп Ералы сұлтан, Тәтімбет батыр, башқұрттың 4 биімен бірге ант береді. 1748 жылы 21 қыркүйекте Әбілқайыр хан қайтыс болғанда Бопай ханымға көңіл айту мақсатында Нұралы сұлтанмен бірге барған кісілердің бірі және Әбілқайыр ханның өлімін анықтауға белгіленген төрт бидің бірі - Мәмбет аталық еді. Тәтімбет, Мәмбет сынды қайраткер екі тұлғаның қазақ халқының тұтастығы мен бірлігін қалыптастыру бағытында жүргізген ерен еңбектерін зерттеп, анықтау, оларды барынша жарыққа шығару, есімдерін мәңгі жаңғырту мәселесі бүгінгі күн талабынан түспеуі тиіс. Осы ретте тарихи қос тұлғаның дүниеге келіп, узақ жыл бойы халыққа адал қызмет еткен жерлері - Қармақшы және Ырғыз өңірлерінде бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түскен жөн.

Ибрагим Бекмаханұлы,

Дереккөз: qarmaqshy-tany.kz