Рухани астана рухани келісім күнін атап өтті

250
0
Бөлісу:

Киелі Түркістанның төріндегі «Парасат» саябағында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өңір халқы Рухани келісім күнін салтанатты түрде атап өтті.

Осынау мерейлі күннің құрметіне орай, 6 қанатты киіз үй тігіліп, оған облыстағы 6 діни конфессия басшылары жиналды.
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізген келелі кездесу барысында ел бірлігі мен дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды.
«Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан халқы бейбітшілік пен достықты нығайта отырып қаншама ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүріп жатқан құтты шаңырағына айналды. Бұл тұрғыдағы жұмысты жандандыра отырып, Түркістан қаласы ел руханиятының дамуына елеулі үлес қоса бермек», – деді С.Қалқаманов.
Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы А.Мұсабек, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі В.Смольянов және басқа да дін өкілдері сөз сөйлеп, ел ішіндегі бірлік пен татулықты күшейте түсудің қажеттігін тілге тиек етті.
Киіз үйде қазақтың ұлттық тағам­дары мен салт-дәстүрі насихатталды. Сонымен қатар, өңірдегі этнос өкілдерінің де дәмді тағамдары жұртшылыққа ұсынылды. Шара соңында діни конфессия жетекшілеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × төрт =