Соттағы трагедия мен фарс

3188
23
Бөлісу:

ШПЕКБАЕВ неге сотқа шақырылмайды?

14-қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта Ауыл шаруашылығы министр­лігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі дүниежізілік федерациясының вице-президенті Серік Түкеевтің (ал, федереция президенті – И.Әбішев) қылмыстық ісінің сот тергеуі басталды. Сот бас­талмай жатып оған төраға­лық етуші сдья К.Мекемтасқа қорғаушылар Е.Мәкенов пен А.Құспан сенімсіздік білдірді. Себеп? Судья Мекемтас осының алдында қорғаушылар берген 6 өтініш хатты (ходатайство) қабылдамай қайтарған. Біреуін тіпті қарамаған да. Оларды сотта оқып шығудың өзіне А.Құспанға бір сағаттан астам уақыт қажет болған, ал, судьяға оның бәрін оқып шығуына, саралауына, 2 бетке жуық қорытынды жазуына жарты сағат жетіпті. Осы 2 бетте судья 78 қате жіберген. (Гиннесстің рекордтар кітабына ұсынса бәйге алып қалуы әбден мүмкін…). «Бұндай сауатсыз судьяға адам тағдырын қалай сеніп тапсыруға болады?» деді қорғаушы А.Құспан.
Екіншіден, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшысы А.Шпекбаевты – И.Әбішевті түрмеге тығып, одан Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының прези­денттігін тартып алған адам – куә ретінде сот тергеуіне шақы­рыңыз деген өтінішті «тергеу кезінде шақырылмаған» деген желеумен қабылдамай тастаған. «Тергеу кезіндегі куәлерден басқалар шақырылмайтын болса, онда сот тергеуінің не қажеті бар?», – дейді А.Құспан.
Бұл – қазақ сотының траге­­диясы. Енді фарс жайлы. Судьяға сенімсіздік білдірілген соң ауданаралық мамандандырылған сот ұзақ ақылдасты. Соңында …судья Мекемтасты қайта әкеліп отырғызды. Белгілі ақын Қазыбек Иса айтқандай, «Астана қаласындағы судьялар арасында қазақ тілін Мекемтастан жақсы білетін судья жоқ болса керек». Қорғаушылардың жаңа ғана сенімсіздік білдірген судьяға енді «сенеміз» демес­ке амалы қалмады. Фарс емей не бұның аты?.. Әрине, қорғаушылардың сенімсіздік білдірілген судьяны ұялмай-қызармай қайта әкеліп отырған (біз «ұялмай-қызармай» деген сөзді тырнақшаға алмай жазып отырғанымыз, сенімсіздік білдірген судьяны қайта алып келген – бұл бүгінгі қазақ соты үшін қалыпты жағдай) бүкіл ауданаралық сот құрамына сенімсіздік білдіруге болар еді, бірақ, одан сотталушыларға тар қапастағы мерзімін ұзартып алғаннан басқа не пайда? Олар курорттың жанға жайлы төсегінде жатқан жақ қой? Онсыз да сот тергеуі табаны күректей 7 ай дегенде зорға басталып отыр. Екіншіден, бұрынғы қазақтың билер соты заманы емес бүгін – айыпталушы өзінің ісін қарайтын қазыны таңдау құқығынан айрылған. Ендеше, «Самарқанда бір апам бар, ол менен де сорақының» кері келмесіне кім кепіл?..
Сот осылай басталды. Әлі талай «шыжыққа» куә боламыз-ау…

Прокуратураның принципі «вокруг да около» ма?..

Ислам Әбішев пен Серік Түкеев сотының екінші күнін қорытындылауды И.Әбішевтің қорғаушысы Абзал Құспаннан өтінген едік: «Бүгін сотқа шақы­рылып, түсінік берген куәлердің ешқайсысының И.Әбішевке тағылған айыпқа, С.Түкеев туралы мүлдем айтпасақ та болады, ешқандай қатысы жоқ! Әдетте қылмыстық іс дәлелденбей жатқан кезде прокуратура не істейді? Сотқа ішінара қатысы бар адамдарды шақырып алып, орыстар «вокруг да около» демей ме, міне, сол әдіспен бір сұрақтың төңірегін шиырлай береді, шиырлай береді… Прокуратура не айтқысы келіп отыр? «Қазбайлық-Астана» деген мекемемен Су ресурстары комитеті 2018 жылдың күзінде келісім-шарт жасасады. Ешқандай дау-дамайсыз, арызсыз, қатардағы келісім-шарт, И.Әбішев оған қол қояды. Сол шартпен күні бүгін де жұмыс жүріп жатыр. 2019 жылдың басында қосымша шарт жасалатын болады. Шарт жасайын десе, Қаржы министрлігінен 2019 жылы 10 қаңтарда хат келеді: «Бюджетті үнемдеңіздер, секвестрге байланысты басталмаған нысандарды қаржыландыруды тоқтата тұрыңыздар». Болды. И.Әбішев тек «Қазбайлық-Астана» емес, екінші бір «ТОО «Баймен» деген компания бар, «онымен де әзірге шарт жасаспай тұра тұрыңдар» дейді. Алдымен ол екі компанияға ауызша ескертіледі. Ондағы ойы – компаниялар жұмысты бастай беру үшін кредит алып, техникасын, заттарын апарып, бекер шығынданбай тұра тұрсын деген ой. Сол кезде «Қазбайлықтан» хат келеді: «Шарт жасайсыздар ма, жасамайсыздар а?» Оған ауызша айтылғанды қайталап, жазбаша жауап беріледі. Прокуратура «шарт жасасқан кезде ала алмай қалған параны И.Әбішев осы қосымша шарт кезінде алғысы келді» деген ойды айтқысы келеді. Бірақ, бұл Исекең ойлап тауып отырған нәрсе емес қой, ол мемлекет тарапынан жасалып отырған тірлік. Ешқандай құпия тірлік емес. Кейін ол екі компаниямен де қосымша шарт жасалынған.
Міне, прокуратураның бар айтары – осы! Бір де бір куә пара туралы естімеген! Секвестр туралы бәрі естіген. Шаймерденов дегеннің «Қазбайлыққа» хат жаздыру себебі: «Көрдің бе, ол сенен пара алмақшы, пара бермесең шарт жасаспай қояды» демекші. Бәрібір, Шаймерденов «Қазбайлықты» пара беруге көндіре алмады».

«Спектаклді тоқтатайық!»

Соттың үшінші күні Ислам Әбішевтің денсаулығы сыр беріп, сот залына «жедел жәрдем» дәрігерлерін шақыруына байланысты бір жарым сағат кешігіп басталды. Жалпы, зейнеткерлік жастағы Исекеңнің денсаулығы темірдей еместігі жайлы, оның тар қапасқа түскелі бері бірнеше рет инфаркт алғанын алға татып, қорғаушылар қанша жерден оны үйқамаққа шығаруға өтініш жасағанымен, біздің тасжүрек жүйе оған рұқсат бермей келген болатын. Соттың екінші күні де Ислам Әбішевтің аяғының сіңірі тартылып қалды. Қасында отырған Серік Түкеев кәсіби спортшы болғандықтан массаж жасап, жарты сағаттай уақыт өткенде кесел кейін шегініп еді.
Кеше енді сәл болмағанда Исекең о дүниелік болып кете жаздады. Сөйтсек, ғылыми түрде «минальгия» деп алатын бұл ауру өте қауіпті ауру болып шықты. Қауіптілігі оның адам денесі жаурағанда ағзаның кез-келген жерінен бұлшық ет жұмыс істемей түйліп қалады екен. Оны бәріміз де білеміз, және «сіңір тартылып қалды» деп, түйілген ет біраздан кейін жазылған бойда ұмытып кетеміз. Кейде түйін ұзақ уақыт жазылмай, жанды қинап жіберетін кезі болады, ондай уақытта түйреуішпен түйнеп тұрған жерді екі-үш рет түйреп алған соң барып жазылатыны бар.
Кешегі жағдайды қауіпті болған себебі. Исекеңнің жүрегінің еті түйнеп қалды. Бұл жолы Серік Түкеев шын мәнінде Ислам Әбішевті ажалдан арашалап қалды деуге болады, өйткені жүрек тоқтап алған кезде оған массаж жасауды бір-екі минуттан артық кешіктіруге болмайды. Оның үстіне еліміздегі «жедел жәрдем» мамандары әркез жедел жәрдем етуге жетіп келе алмай жататыны белгілі. Ал, ол қайдан пайда болды дегенге келсек, айдауылдардың айыпталушыларға көрсетпейтін қорлығы жоқ екен. Мысалы, алдыңғы күні сот басталар алдында Ислам Әбішев арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Онда ол кісі былай деді: «Судья мырза! Бізді бүгін машинаның ішінде құтырған иттерді ұстап тұруға арналған, ұзындығы 70 см, ені 30 см темір тордың ішінде тұрғызып алып келді. Біз сонда кім болғанымыз – терро­ристерміз бе? Жоқ әлде бірнеше рет адам өлтірген рецидивист-қарақшымыз ба? Бұл – бір.
Екіншіден, бізді жөн-жосықсыз суық кабиналарда қайта-қайта тыр жалаңаш шешіндіріп, тексере береді. Не үшін? Әкеле жатқанда, бара жатқанда суық бөлмелерде тікемізден-тіке қақайтып, тұрғызып қояды? Қандай қажеттілік бар бұндай тінтуде? Бұндай суық жерде ұстауда? Менің денем жаураған уақытта ауру кез-келген жерімнен қысып қалуы мүмкін – аяғым ба, бүйрегім бе, жүрегім бе?»
Оған судья К.Мекемтас «туыстарыңызға айтыңыз, жылы киім әкеліп берсін, жылы киініп жүріңіз» деп жауап қатқан болатын. Ал, кеше таңертеңгі жағдайдан кейін қорғаушылар «сот залында тергеу кезінде дәрігер тұрақты түрде отыратын болуын, одан бөлек И.Әбішевті денсаулығына байланысты үйқамаққа шығаруды сұраймыз» деп, тағы өтініш хат берді. Мекемтас мырза «бұл мәселені кеңесу арқылы шешеміз» деп, үзіліс жариялады. Кеңесіп келгеннен кейін «23-қазанға дейін үзіліс жариялаймын, И.Әбішев тергеу изоляторындағы дәрі­гер­лерге көрініп емделсін. Олардың емдеуге шамасы келмесе, дәрігерлер шақырсын. Олар қажет болатын болса, сізді стационар-ауруханаға апарып жатқызсын. Дәрігерлердің айқанын істеп, емделуіңізге мүмкіндік беріледі» деп жариялады. Ислам Әбішев оған: «Тергеу изоляторындағы қайдағы емдеу? Олар мені ауруханаға да апарып емдемейді. Оны істей алмайды. Менің қорғаушым А.Құспан мені осындай жағдайда ұстауға болмайтынына, қылмыстың ауырлығы оған кедергі бола алмайтынына қылмыстық процессуалдық кодекс бойынша тоғыз негіз бар екенін көрсетті. Бірақ, оның бәрін сіздер құлаққа іліп жатқан жоқсыздар!
Сондықтан, екі істің біреуін істейік – ия сіз мына спектаклді созбай, маған береміз деп дайындап қойған 10 жыл ма, 15 жыл ма, кесікті мерзімді жариялаңыз. Менің де, өзіңіздің де, елдің де уақытын алмаңыз, мемлекетті де бекерге бос шығынға ұшыратып неғыласыз? Сіз де тыныш, мен де тыныш!
Олай ете алмайтын бол­саңыз, мені дәл осы минуттан бастап, үйқамаққа шығарыңыз! Адамгершілік тұрғысынан дәл осындай қадам жасалса ғана, ол көпшіліктің де көңілінен шыққан қадам болады. Егер сіздерге керегі істің әділ шешілгені болса, онда сіз осылай жасайсыз. Ал, егер сіздерге керегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ұсталған адамының бәрі сотталғаны болатын болса, онда маған бірден үкім шығарыңыз», – деді.
Бәрібір, судья өз қаулысын өзгерткен жоқ. Тек қаулымен келіспеген жағдайда, сотталушы оған алдағы 15-күннің ішінде шағым келтіруге құқысы бар екенін атап өтті. Отырыс 23-қазан таңертең сағат 10-да жалғасатын болады.

Өмірзақ Ақжігіт

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 23 пікір жазылған

  1. Айбын Аргын 19 Қазан, 2019 15:11 Жауап

    Шпекбаев неге сотқа шақырылмайды? Әлде сотпен жақындығы бар ма?!. Сотта әділдік болып, әрбір осы іске қатысы бар жандар неге шақырылмайды? Ислам Әбішевті емдеуге жібермейтіндей ол қандай қылмыс жасады? Әлде осылай қасақана жасалып отыр ма? Олай болса бұл нағыз сұмдықтың өзі! Соттан қоғам болып әділ болуын, әрбір жағдайды есепке алып, адамгершіліктен аттамауын сұраймыз.

  2. Мәмбет Құрманбаев 19 Қазан, 2019 20:31 Жауап

    Бұл әдейі жоғары жақтың ұйымдастырып жатқан спектаклі ғой ! Ислам Әбішевтің кінәсін дәлелдемесе осы іске тікелей қатысы бар Алик Шпекбаевтің сотқа шақырылмауы күмәнді ғой ! Ал Ислам Әбішевтің денсаулығына байланысты үйқамаққа шығармауы да не деген сорақылық. Судья Мекемтасың Ислам Әбішевтің ертеңгі 23-күнгі сотында не ойлап, қандай шешім шыарары белгісіз. Тек айтарымыз Ислам Әбішевке Алла қуат беріп сотта әділдікпен ақталып бостандыққа шығуына тілектеспін!

  3. Әсел Ақболатқызы 19 Қазан, 2019 21:18 Жауап

    Йаа, Құдайым! Шпекбаевы болсын, басқасы болсын, құрысын! Кім болса да Ислам ағамыз аман сау анау құл ұстайтын шайтан қапастан тезірек шығып, денсаулығы қалыпқа келсінші! Қалғанының жазасын Алла өзі бере жатар!

  4. Гүлмира 19 Қазан, 2019 21:21 Жауап

    Ислам Əлмаханұлы, рухы мықты азамат қой. Онша-мұншаға сына қоймайды. Дегенмен, денсаулық – басты байлық. Қазақтың атпал азаматының бұл жағдайына халық немқұрайлы қарап отыра қоймас. Алла қуат берсін! Қажымаңыз!

  5. Азиза 19 Қазан, 2019 21:25 Жауап

    Ислам Əбішев сотында тіл мəселесін де көтеріп жатқандарыңыз орынды. Дегенмен, басты мəселе аяулы азаматтарымыз – Ислам жəне Серік ағаларымыздың амандығы жəне бас бостандығы. Сотқа жиналғандар бар күшті осы мəселеге аударса. А

  6. Әйгерім Өтебайқызы 19 Қазан, 2019 21:28 Жауап

    Қазақстанда шешілмей
    жатқан Адам құқығының тапталуы проблемасының кесірінен еліне Еңбегі сіңген жазықсыз Азаматтар жазалануда. Олай жалғаса беретін болса, Қазақстан тек мықтылардың әлсізді жұтатын Қуыршақ мемлекетке, я (бетін әрі қылсын) мүлдем Қазақстан өзін өзі іштей жеп тынған «Мемлекет» атауынан айырылған болар еді. Шындығы сол.

  7. Аяла 19 Қазан, 2019 21:28 Жауап

    Басқа-басқа жүрекпен ойнауға болмайды. Жүректің атқаратын қызметінің маңыздылығын біле тұрып бұл сот Исекеңе көтер көзге қастандық жасап отыр ма? Халықтың ашу-ызасын туғыза көрмесін

  8. Махаббат 19 Қазан, 2019 21:31 Жауап

    Дəл осы Ислам Əбішев сотында Əділдік жеңеді деп сенеміз жəне күтеміз. Сонда ғана біздің елімізде Əділ сот бар деп акыщ айта аламыз.

  9. Гүлім 19 Қазан, 2019 21:38 Жауап

    Өмірзақ АҚЖІГІТ аға, жазған мақалаңыз жүрегімізді тілімдеп, болған жәйтті көз алдымызға алып келді.Құдай қуат берсін қазақтың қара нардай қайсар ұлдары: Ислам жəне Серік ағаларға! Дін аман өздеріңіздің тілеулес болған ағайынмен қауышу нəсіп болсын!

  10. Зере 20 Қазан, 2019 12:18 Жауап

    Шпекбаевқа не үшін қажет болды екен федерация? Одан да не тапса да адалынан тауып жемей ме ырзығын. Біреуден тартып алған нəрсенің қандай берекесі болмақ?Ислам Əбішевке бостандық.

  11. Қарақат 20 Қазан, 2019 12:24 Жауап

    Дұрыс айтасыз Зере. Алла берекесімен берсін, не берсе де. Ислам Əбіштің маңдай терімен биікке көтерілген федерацияны тартып алу заңсыздық.Армағына жеткен екен енді Шпекбаев Əбішевті жайына қалдырмай ма?

  12. Гүлім 20 Қазан, 2019 12:29 Жауап

    Бар сүйенеріміз де қолдаушымыз да Алла. Оның қалауынсыз жапырақ та жерге түспейді. Əбішевтің ақтығын көріп тұрған Алла оң шешімін де өзі шығарып береді.

  13. Бақыт 20 Қазан, 2019 12:35 Жауап

    Ислам Əбішевтің ерлігі батылдығы ешкімнен именбей трлн. үнемдеп халықтың қаржысына қорған бола білгені. Ақ адал ниетіңіз бен пейіліңізге Алла əлі сізге оң шешім шығарып, бақты да тақты да береді.Аман болыңыз!

  14. Еркеназ 20 Қазан, 2019 12:39 Жауап

    Мейірімді Алланың қамқорлығында шек жоқ . Күрмеуі қиын жолдан да адастырмай өзі алып шығады . Біз үшін таудай болған қиындық Жаратқанға түк те емес. Бес парызын орындап жүрген Ислам ағамызды Алла Əлбетте қолдайды.

  15. Алтай 22 Қазан, 2019 19:04 Жауап

    Мемлекет басшысы өз бастамасы мен мемлекеттік қызметке жүйелі түрде төнкеріс жасауы жөн.Осы арқылы бір оқпен он қоян атқандай зор ұтым,бедел жинап,келер сайлаудың «шаппай бәйге алар» жүйрігі болып даңқы шығар.

  16. Гүлбахар 23 Қазан, 2019 22:14 Жауап

    гжазықсыз жандарды кінəлайтын елде өмір сүріп жатқанымыз қандай өкінішті. Дəл осы жағдайды көзбен көріп отырған бүгінгі ұрпақ ертең қандай болып қалыптасады. Олардың өмірінің жарқын боларына қалай сенеміз осыдан кейін! Өмір сүрудің өзі қорқынышты болып кетті ғой Алла-ай.. .

  17. Азиза 26 Қазан, 2019 18:51 Жауап

    Бұл сот қашанға дейін жалғаспақ? Бұл сұмдық болды ғой . Өздері де милары ашып отыр-ау. Былай жүрсе араб сынады, былай жүрсе өгіз өледі.Ислам Əбішевке бостандық!

  18. Айша 26 Қазан, 2019 18:53 Жауап

    Ердің құны көк тиын болып тұр ма сонда біздің сотқа.Неге арыстай азаматтың денсаулығына мəн бермейді?

  19. Мира 26 Қазан, 2019 18:55 Жауап

    Қашан, қалай нүкте қойылар екен бұл іске.Алла ынсап пен иман берсін біздің сотқа. Əбішевке бостандық!!!

  20. Ая 26 Қазан, 2019 18:58 Жауап

    Алла деніне саулық берсін Ислам ағамыздың! Рухы мықты Ер азамат ерліктің үлгісін көрсетіп, жүзі жарқырап аман шықсын!

  21. Зоя 26 Қазан, 2019 18:59 Жауап

    Осы іске тапсырыс беріп, тас төлеген қарап отырғандардың Алла жазасын берсін!

  22. Жібек 27 Қазан, 2019 23:09 Жауап

    Не деген қатыгездік! Оңбағандар-ай! Жасы 65-ті алқымдаған елдің абыройлы азаматын бұлайша қорлау ешбір ақылға да миға сыймайды.Əбішевке бостандық берілуін сұраймыз!

Пікір немесе жауап жазу

төрт × екі =