Мемлекеттік қаржыны игермегендер жазаланады

Қаржыны игермеген бағдарлама әкімшілеріне айыппұл салынады. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Қазіргі кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгерістер енгізілуде. Қаржы игерілмесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші жетекшісіне айыппұл салынбақ. Ақшалай айыппұл қомақты болады. Бұл өз кезегінде қаржыны сапалы әрі тиімді игеруге өз ықпалын тигізеді деп есептейді вице-министр. Бұдан бұрын да Ә.Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын атаған болатын. «Ал республикалық бюджеттің шығындары 8 трлн. 541 млрд. теңгені құрады. Орындалмау сомасы – 14,3 млрд теңге. Оның 5,7 млрд. теңгесі – үнемделген қаражат. 8,6 млрд. теңге игерілмей жатыр. Бұл 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда бес есе аз. Ең көп игерілмеген сома мына әкімшілерде қалыптасты: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,5 млрд. теңге, Жоғарғы сот – 1,2 млрд. теңге, Мәдениет және спорт министрлігі – 992 млн. теңге, Сауда және интеграция министрлігі – 947 млн. теңге. Қаржы игермеу­дің негізгі себептері – конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орын­далған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдерді кеш ұсыну», – деді ол. qazaquni.kz