Еңбек дауы шешімін тапты

346
0
Бөлісу:

Ақтөбеде жұмысшылар мұнай компаниясынан жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан болатын. Ұзақ текетірестен соң «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» компаниясы жұмысшылардың жалақы­сын 50 пайызға дейін көтеруге келісім берді.

Облыс әкімдігі екі тарапты ортақ келісімге келуге шақырғанмен, жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы еңбекақы дауы екі айға созылды. 11 қазанда төрт бұрғылау бригадасы өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл жағдай өңір халқына байланысты болған соң облыс әкімдігі еңбек дауын шешуге көмек көрсетті. Инженерден бастап қарапайым жұмысшының сөзіне дейін тыңдалды. Егжей-тегжей талдау жүргізілді. Кейін жұмысшылардың еңбекақыларын мамандықтарына қарай дифференциалды түрде көтеру туралы шешім қабылданды. Ауыр жұмыспен айналысып, анағұрлым төмен еңбекақы алатын қарапайым жұмысшыларға басымдық берілді. Келіссөздердің нәтижесінде, екі тарап та риза болды. Айлықты көтеру туралы бұйрық 16 қазанда шығып, барлық бригадалар жұмыстарына қайта кірісті. Ал облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мұндай даулардың ең алдымен жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында қолданыстағы заңнама аясында кәсіподақ ұйымдарының араласуы арқылы шешілу керектігін атап өтті.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт × төрт =