«Мені өзіне қол салды десе, сенбеңіздер»: Ислам Әбішев өз өмірі үшін қауіптеніп отыр

4583
21
Бөлісу:

Бірнеше өңірде әкім болып, Су ресурстары комитетін басқарып, зейнетке шығуына екі ай қалғанда істі болған экс-шенеунік өзі туралы жалған ақпар тарауы мүмкін екенін айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресми түрде мәлімдеймін! Егер мені өзіне қол салды деп жатса, сенбеңіздер! Бәлкім, бір жерде құлап қалды десе, шын мәнінде қасақана өлтірді деген сөз!», – дейді Ислам Әбішев.

Ислам Әбішевтің сөзінше, бұған дейін комитетке қарасты екі филиал басшысы өзіне қол салған. Олардың бірі екі жыл бұрын тергеушіні жаралап, өзіне қол салған Өмірбек Жампозов дейді. Тағы бірі Алматы облысында мерт болған. Ресми дерек бойынша, олар пара алып, қолға түскендер. Алайда Ислам Әбішев екі өлімнің басқа себебі барын айтуда.

«Өзі болашақта мәлімдеме жасай жатар. Екеуінен де Ислам Әбішевке қарсы жауап беруін талап еткен екен сол кезде. Сол себепті ол кісі өз өміріне қауіптенеді. Өйткені осы ойынды, осы тапсырысты ұйымдастырып отырған адамдардың мүмкіндіктері өте жоғары», – дедйі Әбішевтің адвокаты Абзал Құспанов.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 21 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 18 Қазан, 2019 10:25 Жауап

    Мынау өте қатерлі де қауіпті жағдай ғой ! Ислам Әбішевке жар болсын ! Қастандық әрекетке сол көреалмаушы қанішер жауыздардың жазасын бір Алла берсін ! Жамандыққа берілмейік ағайын ! Алда болып жатқан соттың әділ шешімімен Ислам Әбішев бауырымыз аман есен бостандыққа шығып отбасымен қауышуына тілектеспін !

  2. Назым 18 Қазан, 2019 12:40 Жауап

    Ислам Əлмаханұлы! Сіз рухы мықты азаматсыз! Бұған дейінгі орын алған жəйттерге қарап, осындай ескертпе жасағаныңыз да орынды шығар. Дегенмен, жақсы сөз жарым ырыс. Жақсы ойда, жақсы сөзде, жақсы тілекте болайық! Сіз аман есен ораласыз отбасыңызға!

  3. Гүлвира 18 Қазан, 2019 12:50 Жауап

    Ислам аға, халқыңыз қолдаған ардақты азаматсыз! Сізді Алла қолдасын! Кез келген күрмеуі қиын мəселенің өз шешімі болады. Бұл істің де түйіні тарқатылар күн алыс емес. Жаратушымыз жар болып оң шешім шығады деп сенеміз!

  4. Гүлім 18 Қазан, 2019 12:57 Жауап

    Психологияда аффирмация көп көмегін беріп жатады ғой. Тілекші қауым құлақ ассаңыздар: «Ислам Əбішев ағамыз, аман-есен отбасына оралды мен оның тілеулес қарындасымын» деп немесе інісімін, бауырымын дегендей күніге айта берейікші бəріміз Исекең үшін! Мұның өзі оң ықпал етеді!

  5. Мая 18 Қазан, 2019 13:01 Жауап

    Егер де Əбішев аман есен босап үйіне, ол кісінің кінəсіз екені дəлелденсе онда біздің елде шынымен де Əділ сот бар деген сөз. Еліміздің болашағы жарқын деген сөз. Осылай боларына сенейік жəне тілейік!

  6. Мәмбет Құрманбаев 18 Қазан, 2019 13:02 Жауап

    Рас Ислам Әлмаханұлы ары да, рухы мықты жан ! Сол арлы, рухты жанды жолдан алып тастағысы бар жандардың құзғындық әрекеті күдікті болып тұр ғой! Ешкімге кедергісі тимеген, тек мемлекеттің қаржысын үнемдеп бюджетке қайтарғаны сол үшін осыншама қастандыққа барып отырған жандар ертең өздеріде Ислам Әбішевтің күйін кешпесіне кім кепіл? Тәуекел енді нар тұлғалы арына берік Ислам Әбішевке бір Алла пана болсын ! Амандықта бостандыққа шығуды нәсіп етсін !

  7. Марина 18 Қазан, 2019 13:09 Жауап

    Əр адам өз ісіне жауап береді ғой қиямет күнінде. Ешкім де, ешнəрсе де ескерілмей қалмайды. Сондықтан жазықсыз жанды жазғырғандар ертеңгі күнін ойлауы керек.Өзінің болмаса да ұрпағының алдынан шығады ғой бұл дүние.

  8. Арыс 18 Қазан, 2019 19:59 Жауап

    Мұнан артық қалай ақталмақ? Шырылдаған шындыққа оң көзбен қарау керек қой!

  9. Айжан 18 Қазан, 2019 20:36 Жауап

    Сізге бір Алла жар болсын.Біреуге ор қазба өзің түсесің дейді ғой қазақта…Арам пиғылды адамдардың жамандықтары
    өздеріне көрінері анық.Әлі ақ бостандыққа шығып отбасыңызбен қауышасыз!Мойымаңыз!

  10. Айбын Арғын 19 Қазан, 2019 16:12 Жауап

    Адалдық болып арда азамат Ислам Әбішевке де бостандықтың ақ таңы атар деп сенеміз. Арам пиғылды жандардың жасаған айла-әрекеті жүзеге аспай, әділдік жеңіп Ислам ағамыз отбасына оралсын деп тілейміз.

  11. Мадина Бақытқызы 19 Қазан, 2019 17:56 Жауап

    Әрине ондай ертегіге кім сенеді? Бірақ ондай қатігездікке бара алмайды олар. Өйткені елдің бəрі И.Əбішев соты үшін алаңдап отыр. Сіздің артыңызда Қазақ деген халық тұр, алаңдамағайсыз! Тек сабырмен күтейік!

  12. Әйгерім Өтебайқызы 19 Қазан, 2019 21:56 Жауап

    Қазақстан- тұнып тұрған Мафиози екен ғой! Бұрын көш бастап тұрған тек аты шулы АҚШ-ты еститін болсақ, қазір өзіміздің Қазақстан, Ұлы Дала ұлдары мен қыздары бар, текті Қазақ деген Мемлекет туралы айтып жатырмыз. Расымен, сөзім жоқ…

  13. Гүлмира Әлішбаева 19 Қазан, 2019 21:57 Жауап

    Құдай бетін әрі қылсын, Әбішев бостандыққа шығып, әлі Талаай азап-қорлықсыз өмір сүретін болады!

  14. Марина 20 Қазан, 2019 13:00 Жауап

    Құдай сақтасын! Сізді Аллаға аманаттады халқыңыз. Жаратушымыздан осы істің қайырын бер деп сұраймыз. Оң шешіліп, отбасыңызға оралыңыз Ислам аға!

  15. Есімхан 22 Қазан, 2019 16:03 Жауап

    Сіздің халыққа істеген еңбегіңізді халық ешқашан ұмытпайды. Алла жар болып қайтадан ортамызға қосылуымызды тілейміз. Ислам Абишев бауырымыз кінәлі емес, бостандыққа жіберуіңізді талап етеміз К531.

  16. Садықов Есімхан 22 Қазан, 2019 16:04 Жауап

    Сіздің халыққа істеген еңбегіңізді халық ешқашан ұмытпайды. Алла жар болып қайтадан ортамызға қосылуымызды тілейміз. Ислам Абишев бауырымыз кінәлі емес, бостандыққа жіберуіңізді талап етеміз К531.

  17. Есенкул 27 Қазан, 2019 23:19 Жауап

    Рухы мықты азаматты сындыра арсыздар! Алла жазасын өзі ақ береді.Ислам ағаны аманат еттік.
    ……

  18. Мая 27 Қазан, 2019 23:22 Жауап

    Исекеңнің игі ісі исі қазаққа белгілі.Оңтүстікте əкім орынбасары болып жүргенде су тасқынан кейін үйсіз қалған қаншама отбасыға баспана салып бергенін естідік. Алла жар болсын, Ислам ағамызға!

  19. Рая 27 Қазан, 2019 23:24 Жауап

    Есімхан бауыр дұрыс айтасың! Ол кісінің титтей де кінəсі жоқ. Бостандық, Ислам Əбішке!

  20. Соня 27 Қазан, 2019 23:31 Жауап

    Құдайдың қалауынсыз қурай да сынбайды. Сондықтан алаң болмаңыз Ислам аға!Алла қаламаса сізге ешқашан ешкім ештеңе жасай алмайды.

Пікір немесе жауап жазу

17 − екі =