БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯНЫҢ АНАЛИЗДЕРІ ӨТІРІК БОЛҒАНЫ МА?!

458
0
Бөлісу:

Бұл сорақылық «(Асар) Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы» басшылығы мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түгілі, бүткіл еліміздің медицина саласына үлкен сын болып тұр.

ШҚКБА-ның бактерологиялық лабораториясындағы жан-жақтан келген анализдердің зерттелмей, ойдан жазылған қортындыларының кесірінен, қаншама жандар зардап шегетінін айтудың өзі артық шығар.

Дәрігерлердің сізге дұрыс диагноз қоюы үшін, қолдарында дұрыс анализдер болуы керек. Егерде, қолдарындағы сенген анализдері мүлдем өтірік болса ше?

Сіздің ауруыңызды анықтап емдеу үшін, ағзаңыздан табылған бактериялар мен вирустарға нақты қандай антибиотик әсер ететінін анықтап алу керек. Дәрігерлер диагнозды қоярда осындай лабораториялардың қортындыларына қарап ем тағайындайды.

Егерде, лабораторияда өтірік қортынды берілсе немесе ол қортындылардың мерзімі өткен дәрілермен анықталса, онда дәрігердің тағайындағаны сізді емдеудің орнына, сізге қауіпті болуы мүмкін.

Немесе дәрілердің сізге мүлдем әсері болмай, ауруханаға қалай барсаңыз солай ешқандай емсіз қайтып шығуыңыз мүмкін.

Демек, пайдасы болмайтын дәрілерге қаржыңызды шашқан боласыз. Организіміңіз қаншама антибиотиктерді босқа қабылдап, өзіңіз ауырып жүргенде одан әрмен уланасыз.

Соңында кімді кінәлайсыздар?

Әрине, дәрігерді.

Ал, «көлеңкеде» отырып, осындай былықтың бәріне себепші болып отырғандармен ешкімнің жұмысы жоқ. Өйткені, олардың «жабық есіктерінің» арғы жағында не болып жатқанын ешкім білмейді. Оны тек сол жердің жұмысшылары ғана біледі.

Қаламыздың қаншама поликлиникаларының анализдері осында келетінін, осы жерден «зерттелген» қортындыларымен сол поликлиникаларда адамдар емделетінінде ойласаң шашың тікірейеді.

Осындай былықтарға төзбей, ерлікке лайық іс жасап, барлық заңсыздықтардың бетін ашқан екі қызымыз Төрегелдиева Раушан мен Сарсенбаева Гүлнарға барынша қолдау көрсетейік ағайындар!

Бұларды жан-жақтан талауы мүмкін енді.

Рүстем Ашетаев,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

үш + 4 =