Елордада Баянғали Әлімжановтың мерейтойлық кеші өтті (фото)

Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, жыршы, манасшы Баянғали Әлімжановтың 65 жылдық мерейтойына орай «Сырыңды айтшы, дүние...» атты шығармашылық кеші өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Кеш аясында ақынның көптомдық шығарамаларының жинағы оқырман қауымға таныстырылды. Аталмыш шығармалар жинағына ақынның әр жылдары жазған поэмалары, өлеңдері мен драмалары енген.

 

Кеш иесін Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева арнайы құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, оқырмандар авторға өз сауалдарын қоя алды.