Азат Перуашев: Ислам Әбішевтің ісінде біз тек әділ сотты талап етеміз

1444
17
Бөлісу:

Бүкіл сот жүйесі, әділ сот – еліміздегі ең көкейтесті мәселе

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Су комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішевтің ісінде «әділ сотты талап ететінін» мәлімдеді. Бұл туралы ол abai.kz порталына берген сұхбатында айтты.

– Мен бұл кісімен жақын араласпасам да, оның кәсіби біліктілігінен хабардармын. Оның мемлекетшілдігі жайлы көп естігенмін. Мысалы, су бағдарламасын іске асыру барысында бұл кісі оны орындап қана қоймай, халықтың бір триллионға жуық қаржысын үнемдегенінен де хабарымыз бар. Сондықтан мен ол кісіге тек амандық пен жақсылық тілеймін. Ал қазіргі дау бойынша біз тек әділ сотты талап етеміз. Тіпті мәселе тек Ислам Әбішевте емес, бүкіл сот жүйесінде. Себебі әділ сот мәселесі – еліміздегі ең көкейтесті мәселелердің бірі.

Сосын ол кісі партиямыздың мүшесі емес, саяси проблемалар көтерген жоқ. Сондықтан осы сот процесіне партияны араластырып, саясиландырудың қажеті жоқ деп есептеймін. Ал кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екендігіне баға беру, бір топты қолдау немесе қарсы шығу біздің партияның құзырындағы шаруа емес. Әйтеуір адалдық, сабырлық, адамгершілік болсын.

Әбішевті қолдаушылардың арасында партиямыздың басшыларының бірі Қазыбек Иса жүргенін білемін. Бұл жерде Қазыбек ағамыз партияның атынан емес, жеке өзінің азаматтық көзқарасы бойынша араша түсуде. Және оған оның толық құқығы бар. Өз пікірін білдіру үшін сөз бостандығы деген конституциялық ұғым бар. Оны қолдану үшін, меніңше, кез келген азаматқа ешқандай қосымша рұқсат керек жоқ. Бұл құқықты не партия, не басқа ұйым шектей алмайды. Ал, Қазекең, мықты журналист ретінде сөз бостандығының не екенін жақсы біледі және өзінің сөзіне жауап беруге қабілеті бар азамат, – деді депутат өз сөзінде.

Түпнұсқадағы тақырып: Азат Перуашев «ауылды лақтыру» және «Әбішевтің соты» жайында

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 17 пікір жазылған

  1. Мәмбет құрманбаев 9 17 Қазан, 2019 11:38 Жауап

    Ақ Жол партиясының төрағасы Азат Перуашев мырза сот жүйесінің олқылықтарын өте орынды сынға алды. Әсіресе кейінгі кезде сот жүйесінің лауазымды азаматтардың үстінен қозғалған жалған жаламен қамауда отырған жандарға қатысты қозғалған дәлелсіз істердің қысқартылып айыталушы бостандыққа шығарылуы керек еді, алайда ол жүзеге аспай сағызша созуы үлкен қателік. Дәлелді болу үшін нақты факт қазір жүріп жатқан Ислам Әбішевтің үстінен қозғалған дәлелсіз істердің қысқартылып, айыпталушы орнында отырған Ислам Әбішевті бостандыққа шығаруы керек еді! Жазықсыз жапа шегіп жатқан Ислам Әбішевті бостандыққа шығаруына толық тілектестігін жеткізді!

  2. Айбын Арғын 17 Қазан, 2019 11:47 Жауап

    Азат Перуашев мырза өте дұрыс әрі орынды пікір айтып отыр. Әділ сот болмай елімізде осындай заңсыздықтар жалғаса береді. Сондықтан ең алдымен соттың қара қылды қақ жаратын әділ болуын қамтамасыз ету ауадай қажет. Ислам Әбішев сотында да әділдік болып, жазықсыз жапа шеккен, пара алмаса да қамауға алынған білікті маманды босатады деп сенеміз!!!

  3. Гүлназ 17 Қазан, 2019 11:49 Жауап

    Азат Перуашов ойын жалпылама негізінде жақсы айтыпты. Тек Ислам Әбішев ағамыз ғана емес, көпшілік жапа шегуде әділетсіз жүйенің кесірінен! Ислам ағамыздың соты әділ өтіп, ағамыз бостандыққа шықсын деп тілейміз.

  4. Гүлназ 17 Қазан, 2019 11:52 Жауап

    Әділетсіз жүйе қалыптасқан мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қатты уайымдаймын. Қашанға дейін осылай болады? Шешімі бар ма бұл жүйенің?.. Осындай көп сұрақтар бәрімізді мазалайды…

  5. Мешіт Ғазизз 17 Қазан, 2019 11:54 Жауап

    Өте орынды айтылған Азат мырза мәселені дұрыс көтеріп отыр. Мен өз басым Ақ жол париясың барлық бастамаларын қолдаймын.

  6. Гүлмира 17 Қазан, 2019 13:50 Жауап

    «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев Ислам Əбішев сотынан əділдік талап етіп, өзінің азаматтық пікірін білдірді. Алла жар болғай атпал азаматтарға! «Ақ жолдың» ақ тілегімен жалған жала жабылып отырған Ислам жəне Серік ағаларымыздың алдынан ақ жол ашылып, аман есен босап шықсын!

  7. Гүлім 17 Қазан, 2019 14:02 Жауап

    Былайғы уақытта «Біз Əділ қоғам үшін» деп ұрандататын өзге партиялар бүкіл қоғам назарын аударған Ислам Əбішев ісінде неге «гүл болмасаң, күл болдың» керін киіп, жұмған ауылдарын ашпай отыр?

  8. Мақпал 17 Қазан, 2019 14:08 Жауап

    Егер де қаншама жылғы мемлекеттік қызметінде Əбішев қандай да бір құйтырқы әрекетке барған болса, ел сеніміне селкеу түсірген болса, осыншама халық сонау Нұр-Сұлтанға келіп Исекеңе қолдау көрсетпес еді. Аққа Құдай жақ. Əділдік орнайтынына сенеміз!

  9. Армангүл 17 Қазан, 2019 14:13 Жауап

    Азат Перуашев мырза қай кезде де қоғамды алаңдатқан мəселеге өзіндік ұстанымы мен көзқарасын ашық білдіріп да жатады. Халықтың талабы да сол – Əділ сот. Көптің талабымен іс əділ өтіп, арыстай екі азамат Ислам мен Серік ағаларымыз аман есен отбасына оралсын!

  10. Райхан 17 Қазан, 2019 14:17 Жауап

    Халықтың трлн. қаржысын үнемдеп, ел игілігіне жұмсауға өзінің септігін тигізген аймаңдайлы Азаматы қазақтың Ислам Əбішев ағамыздың басындағы жағдай бар халықтың басына түскен сын сағат. Осындай кезде қоғамға титтей де болса пайдамызды тигізіп, жазықсыз темір торға таңылғалы отырған арыстарымызға қолдау көрсетейік ағайын!

  11. Ақмарал 17 Қазан, 2019 14:40 Жауап

    Сонау жерден ат арытып келген ақ сақалды аталарымыздың ақ батасы қабыл болып, Əділ сот өтіп, ұлттық күресті ұлықтап, əлемге мойындатқан Ислам жəне Серік ағаларымызға жабылып отырған жалған жала негізсіз деп танылсын! Алла қолдасын!!!

  12. Айман 17 Қазан, 2019 14:56 Жауап

    Қай кезде де шындық пен əділдік қайда сонда жүретін «Ақ жол» партиясы көшбасшысы Азат Перуашев мырза дұрысын айтыпты. Ақжолдықтармен бірге халықтың да көздегені тек ғана Əділ сот! Əділдік орнап, Исекең жеңіп шықсын!

  13. Қарлығаш 17 Қазан, 2019 14:59 Жауап

    Күш – ынтымақ пен бірлікте. Ел болып, тізе қосып ұлт мүддесін, халық жайын ойлаған атпал азамат Ислам Əбішевке қолдау көрсететін кез келді ағайын. Аяулы азаматтың жазықсыз жаланың құрбаны болуына жол бермейік.

  14. Айбын Арғын 17 Қазан, 2019 18:46 Жауап

    «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев соттың әділ болуы тиістілігін қадап айтты. Расында да тек әділдік болған жерде ғана шындық болады. Сондықтан, осы сотта әділдік жеңіп, жазықсыз жапа шеккен Ислам Әбішевке бостандық берілуін тілейміз.

  15. Әсел Ақболатқызы 19 Қазан, 2019 21:41 Жауап

    Қазақстанда Әділ сот жүйесін орнату үшін әуелі Кадрларды реттеу керек. Ал оны реттеу, жемқорлардан тазарту, және Адал әрі мінсіз жұмыс істеу- тек сол Мемлекеттің басшысының қолында. Олай болмаған күнде, «Мемлекет Президенті» деген лауазым тек атақ болумен шектелетіндігінде.

  16. Әйгерім Өтебайқызы 19 Қазан, 2019 21:47 Жауап

    «Ақжол» ҚДП басшысы Азат Тұрлыбекұлының пікірінен «Ақ жол» партиясының тек Әділдікті және тек Әділеттілікті қолдайтыны айқын көрініп тұр. Жаман емес, Демократия деп осыны айт.

Пікір немесе жауап жазу

1 × 3 =