ИСЛАМ ӘБІШ: «Бізді қамап тастап, біздің орнымызға отырып алған ШПЕКБАЕВТЫ НЕГЕ КУӘЛІККЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?»

8860
13
Бөлісу:

ИСЛАМ ӘБІШ СОТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ

Суық жерде тіке тұрғызып қоюдың және адам отыруға өте қиын суық автозэкпен әкелудің кесірінен Ислам Әбішевтің тағы да аяғы тартылып қалып жедел жәрдем шақыртуға тура келді. Сот сондықтан 45 минуттай кешігіп басталды.

Сотта қорғаушылар Марат Адамов пен Қайрат Түкеевті сот залына кіргізбегені үшін сот приставына сенімсіздік білдірілді.

Сот шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады.

Үзілісте Ислам Әбіш журналистерге өзінің сот ісі бойынша келіспейтін мәселелерін мәлімдеді.

Соттың алғашқы күні екі беттен 76 қате шығарған сот К.Мекмтасқа сенімсіздік неге қабылданбағанына түсінбейтінін айтқан Ислам Әбіш: «Бізді қамап тастап, біздің орнымызға – Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы төрағалығына отырып алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасы ШПЕКБАЕВТЫ НЕГЕ СОТ КУӘЛІККЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?»-деді ол.

Ислам Әбіш пен Серік Түкеевті қорғау үшін елдің әр өңірінен тілектестер көптеп келуде. Солардың бірі, ел ағасы Тойым Жүніс өзінің қолдау сөзін айтты.

Сот жалғасуда.

Қазыбек Иса,

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 13 пікір жазылған

  1. Меру 16 Қазан, 2019 12:44 Жауап

    Алладан басқа, Алладан артық қолдаушы жоқ. Алла жар болсын, ИСЛАМ ƏБШЕВ ағамызға! Аман есен босап шықсын сот залынан.

  2. Марал 16 Қазан, 2019 12:48 Жауап

    Сəрсенбінің сəтті күнінде Жаратушымыз жар болып, көп тілеуі қабыл болып, Ислам мен Серік ағамыз үшін еркіндік таңы атсын! Қаншама жерден ат арытып келген ағайынның тілеуі қабыл болсын! Аққа Құдай қай кезде де жақ.

  3. Гүлім 16 Қазан, 2019 13:04 Жауап

    Бұл не сұмдық? Соншалықты қиын жағдайда алып келетіндей Əбішев террорист па еді? Сәрсенбіде сəтін салып, істің оң шешілуге игі қадамдар жасалғай. Тілекшіміз!

  4. Гулдана 16 Қазан, 2019 13:08 Жауап

    Адвокат Абзал Құспан қамап тастайтындай бұлтартпас дəлелдер жоқ деп отыр? Неге сонша шүйлікті екен? Рухы мықты азамат бұл сыннан да сүрінбей өтеріне сенеміз.Исекеңдей адал жанға Алла қуат берсін!

  5. Мәмбет Құрманбаев 16 Қазан, 2019 14:44 Жауап

    Міне Ислам Әбішевтің өзіде сотта сол арызданушылардың қатысуын талап етсе сот қарсы болып жатыр. Неге сол Алик Шпекбаевті, Қанат Бозымбаевты және Арман Шораевты шақырмаған? Олардың жаласы дәлелсіз болған соң олар сотқа келуге беті жоқ болған соң келмей отыр. Яғни дәлелсіз іс қысқартылып қамауда отырған Ислам Әбішевті бостандыққа шығаруын күтемін!

  6. нұрлан 16 Қазан, 2019 15:52 Жауап

    Бізде əділ сот деген атымен жоқ.Тек əлдекімдердің тапсырысы ғана бар.Барлық саладағы мемлекеттік тілді білмейтіндер қызметтерінен босатылуы тиіс.

  7. Нұрила 16 Қазан, 2019 18:45 Жауап

    Нұрлан жақсы сөз жарым ырыс деп, осы жолғы сотта əділдік орнайтынына сенейік. Ислам ағамыз бен Серік ағамыз тезірек босап шықсын!

  8. Әсел Ақболатқызы 16 Қазан, 2019 23:18 Жауап

    Халықтың Шын жаны ашып, шырылдап тұрғаны байқалады. Расымен, осынша халқы, қолдаушысы бар азаматтың осындай Іске барады деп ойлай ма?!

  9. Сәтпай к281 18 Қазан, 2019 22:19 Жауап

    Сонда Шпекьаевта ар мен заң деген жоқ па? Ол қалай Әбішевті қпмап, орнына былшиып өзі отырып алады?!.

  10. Асия 26 Қазан, 2019 19:10 Жауап

    Біреуге ор қазба өзің түсесің дейді. Шпекбаевқа түрмені тілемейміз. Қай кезде де Əділ шешімін берер бір Алла өзі-ақ жазалар.

  11. Шара 26 Қазан, 2019 19:12 Жауап

    Қолдап тұрған осыншама қара орман халқыңыз барда сіз жеңіп шығасыз Ислам аға! Алла тек сəтін салғай!

  12. Гүлмира 26 Қазан, 2019 19:16 Жауап

    Бар қазақтың қолдауынан қайраттанған қара нардай ағамыз Ислам ƏБІШ Сізге Жаратушы иеміз жар болып алмас қылыштай жарқ етіп аман есен шыққайсыз! Тілекшіміз өзіңізге!

  13. Анар 26 Қазан, 2019 19:19 Жауап

    Алаң болмаңыз, бар іске Əділ төреші болар Бір Алла бар. Аққа ешкім де күйе жаға алмайды.

Пікір немесе жауап жазу

1 + үш =