Сүлейменов құрған қозғалыстың вице-президенті ұсталды

1374

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті ұсталды. Алматы полиция департаменті де аталған факті бойынша ақпаратты растады, – деп хабарлайды abai.kz.

Алматы полициясы «Невада-Семей» (Невада-Семипалатинск) антиядролық қозғалысының вице-президенті Харон Дадаевты ұстаған.

«Алматы ПД азамат Д-ның ҚР ҚК 190 бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс жасады деген күдікпен қыркүйек айында ұсталғанын растайды», делінген хабарламада.

Ұсталған Хорон Дадаевқа Қылмыстық Кодекстің 190 бабы, 4-тармағы бойынша «Алдау арқылы немесе ақпараттық жүйе қолданушысының сенімін өз мақсатына пайдалану арқылы алаяқтық жасады» деген айып тағылған.

Аталған іс қазір Сот қарауына жіберілген. Дадаевтың кінәсі дәлелденген жағдайда ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде абақтыға отыруы және дүние-мүлкін тәркілеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін биылғы жылдың тамыз айында Алматының Медеу аудандық криминалдық полиция бөлімі 69 жастағы Хорон Дадаевқа іздеу жариялаған.