Кәріс театры 88-ші театр маусымын ашты

Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театрында Хан Динның «Не стоит раскачивать дерево» пьесасы бойынша «Дерево» қойылымының премьерасымен 88-ші театр маусымының ашылуы өтті. Спектакльдіңрежиссері-Галина Пьянова, суретші-Антон Болкунов, композитор – Георгий Юн. Дәстүр бойынша 88 театр маусымының салтанатты ашылуы алдында «Кахак» ЖШС ынтымақтастығы аясында театрдың жетекші әртісі Наталья Лиге жастар сыйлығы және Қазақстан кәрістері Ассоциациясымен ынтымақтастық аясында «Ким Дина» атындағы жыл сайынғы театр сыйлығын театр балеттік труппасының солисті Цой Аннаға табыс етілді. Хан Динның «Не стоит раскачивать дерево» қойылымы - Солтүстік және Оңтүстік Кореяны біріктіру туралы мәселе қайтадан көтерілетін психологиялық драма. Қойылымда олардың арасындағы шекарада, 38-ші параллельде осы елдерден келген екі кәріс қатты тасқын кезінде кездейсоқ кездеседі. Бір-біріне өлім қаупін болдырмауға көмектесіп, олар саяси қарама-қайшылықтар анықталатын үлкен ағашқа шығады. Жанжалдан кейін бітімге қол жеткізіп, бұл достық қарым-қатынаста дамиды, оған олар құтқарған қыз көмектеседі. Пьеса авторының басты ойы - адамдар қалаған кезде бірігуі мүмкін. Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театры 1932 жылы құрылды (Ресейдің Қиыр Шығысында, 1937 жылы жер аудару нәтижесінде Қызылорда қаласына тасымалданды). Бұл Корей түбегінен тыс жалғыз мемлекеттік кәріс театры болып саналады.  Театр жұмыс істеген жылдары 250-ден астам қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды, оларды 5 млн-нан астам көрермен тамашалады. 1982 жылы театр кеңестік театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет орденімен», 2002 жылы ҚР Президентінің алғысымен, 2005 жылы Корея Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстанның біртұтас этномәдени саясатына сәйкес дамып келе жатқан кәріс театры ұлттық талғамды, өзіндік ерекшелік пен тілді сақтап, көп ұлтты ортада тұратын кәрістердің мәдениетін байытады. qazaquni.kz