Қазыбек Иса. ҚАЗАҚСТАН СОТЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН! (видео)

1814
15
Бөлісу:

«Тентектің айтқаны келмейді сандырағы келеді» дегендей, «қазақ тілін білмегені үшін сотты жүргізуге сенімсіздік білдірілген судья түстен кейін қайтып келуі мүмкін» деген сөзді қайдан жаза қалып едім, тура солай болды…

Иә, түске дейін мен фейсбук парақшамда: «Ол судья К. Мекемтас енді қазақ тілін үйрену курсына кетті ме, әлде қазақ тілін мазақ тілге айналдырғаны үшін өз еркімен орнын босатуға арыз беруге кетті ме, ол жағы әзірге белгісіз… Түстен кейін «Елордада қазақ тілін менен артық білетін сот жоқ»-деп, қайтып келіп сотты жүргізе беруі де әбден мүмкін… Өйткені біз Қазақстанда өмір сүреміз ғой, ал бізде бәрі де бола береді.»-деп жазған болатынмын.

Сонымен судья К.Мекемтастың 2 беттік шешімінен Қазақ тілінен табылған 76 қатеге көз жұма қараған сот судья К. Мекемтас сот жүргізуге құқы бар деп шешім қабылдады.

Сонымен, алдын ала біз жазғанымыздай, Қазақстан астанасында екі бет қағаздан 76 қате жіберетін, жарымжан сөйлемдерін адам түсінуі қиын судья К. Мекемтастан артық қазақ тілін білетін сот жоқ болып шықты!..

Бұл шешім – ҚАЗАҚСТАН СОТЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН деген сөз!

Мұндай масқараға да куә болдық біз пақыр!..

Иә, бізде бәрі де болады…

Қазыбек Иса, 

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Әсел Ақболатқызы 14 Қазан, 2019 23:33 Жауап

    Қазақ десең өзіңе тиеді. Ал көзге тайға таңба басқандай көрініп тұрған нәрсені айтпасаң тағы болмайды. Өкінішке орай, Қазақстан сотының қазіргі халі осындай…

  2. Алтай 15 Қазан, 2019 00:05 Жауап

    Табанды түрде талап етіп ,жалықпай жағаласа берейік,бұл ортақ мүддеміз!

  3. Урал Тапенов 15 Қазан, 2019 08:05 Жауап

    Дурыс жалыкпаи жагаласа беруымыз керек , казак жерынде казак тылы казактын заны болу керек

  4. Алмас Асемханулы 15 Қазан, 2019 23:05 Жауап

    Өзім заңгер болған соң сот процестеріне жиі қатысамын. Қазақ тілінде сот ісінің қаралуы сауаты жағынан, саны, деңгеці жағынан өте төмен. Судьялар қазақша сот ісін жүргізгенде өздері заңды бұзып жатады. Қазақша сот процесі жартылай орысша өтеді. Тіпті мен ЖО бітіріп енді сот процестеріне қатысып жүргенде үлкен стажы бар судяларға ескерту жасайтынмын.)). Олар сот ісі жүргізіліп жатқан тілдің нормаларын сақтамайтын. Өзіміз жағынан қазақ тілді сот ісін жүргізу практикасы болмаған соң таза сауатты заңнамалық қазақша сауатты сөз табуға қиналатыгбыз. Тіл туралы заң шұғыл қабылдануы тиіс. Қазбек Исаның Конституциядағы 7 баптың 2тармағын алып тастауды дәне тіл департаментін құруды қолдаймын.Қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, Тіл туралы заң қабылдануда қабылдауда барлық жағынан қолдауға дацынмын.

  5. Qyr balasy 15 Қазан, 2019 23:13 Жауап

    «Аса құрметті соттар» қазақша екі сөздің басын қоса алмайды. Ұялмай халыққа шешім, үкім шығарады. Бұндай судяларды мен үшін ешкім емес.

  6. Әйгерім Өтебайқызы 15 Қазан, 2019 23:20 Жауап

    Оған біз кімді кінәлаймыз?! Бәлкім соттан бұрын одан жоғары Билікті кінәлармыз?! Биліктің күші мықты болса, Мемлекеттік тіл Қазақ тілін білу- Міндет деп Шегелеп қадап қойса оған бағынбайтын Сот болмайды ғой?!

  7. Айжан 16 Қазан, 2019 08:59 Жауап

    Қазақ тілін меңгеру деңгейі жоғары маман дайындап,сұрыптап,лайық.адамдарға өткізу керек.

  8. Мариям 16 Қазан, 2019 10:45 Жауап

    Қазыбек Иса аға өзіңіз ұйытқы болып Ұлттық кеңес арқылы қазақ тілі туралы заң қабылдатып, қазақ тіліне қатысты оң шешімдер қабылдатпасаңыз онда тіліміздің көрген күні осы. Мекемтас сияқтылардың тайраңдағаны тайраңдаған. Сəттілік сізге.

  9. АЙША 16 Қазан, 2019 10:59 Жауап

    Бұл біз білетін іс ғана шығар ел сотындағы. Біз білмейтініміз қаншама?! Осындай тілді білмейтін солақай судьялардың салдарынан қаншама адам жапа шегіп те жатқан болар. Не десек те дəл осы іс оңынан шешілсе екен.

  10. Данеш 16 Қазан, 2019 11:08 Жауап

    Барша қазақ елі, ұлт зиялылары Ислам Əбішев ағамыздың сотына бей-жай қарамай атсалысайықшы. Мүмкүндігіміз бар əрбіріміз барып, қатысып тілеулес болайық. Бара алмай жатсақ, дұғада болайық. Мейірімді Алла қолдап Ислам ағамыз бен Серік ағамыздың істері оңынан шешілуін нəсіп етсін!

  11. Дина 16 Қазан, 2019 11:10 Жауап

    Аты аңызға айналған аймаңдайлы Азаматы қазақтың Ислам Əбішев ағамыз бар болсын, нар болсын, бір Алла ол кісіге жар болсын! Аман есен шығатын заман болсын!

  12. Малика 16 Қазан, 2019 11:18 Жауап

    Егер И.Əбішев ағамыздың титтей де кінəсі болса, бұрын-соңды сондай арам істерге қатысы болған болса, еліміздің əрбір аймағы дəл осылай қолдап сотқа келмес еді. Нақты дəлелсіз осылай ұстап отыру заңға сыймайтын нəрсе ғой. Шұғыл шара керек . Президенттен жақсы жауап келсе екен.

  13. Айбын Аргын 16 Қазан, 2019 17:40 Жауап

    Иә, биліктің үш тармағының бірі – соттың өзінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жағдайы осындай болса басқаға не жорық?!. Жазықсыз Ислам Әбішевтің ісін қарауға қазақ тілін жетік меңгерген соттың табылмауы өте ұятты жағдай екен! Мемлекеттік тілге құрмет жасамаған сот саласы бұл іске неғып бейжай қарады? Әрі білдей Елордамыздың өзінде қазақ тілін еркін меңгерген судьяның болмауын қалай түсінуге болады? Соттың әділ үкім шығарып, бостандыққа шығарады деп үміттенеміз.

  14. Бану 18 Қазан, 2019 22:20 Жауап

    Қазақ тілінің киесінен қорықсын! Оны аяққа таптағысы келгендер! 72 қате жіберген адамға қалай сенеді жұрт?

Пікір немесе жауап жазу

9 − 6 =