«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы белгілі болды

3402
1
Бөлісу:

Атырауда өткен «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды baq.kz.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған дүбірлі дода Атырау даласында Ақ Жайық жағасында өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен қткен аламанға 40-қа жуық жүйрік қатысты. «Nur Otan» партиясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бәйгенің бас жүлдесі 10 млн теңге. Ал 9 атқа жүлде берген сайыстың жалпы жүлде қоры 22 млн теңгені құрады.

Сонымен, еліміздегі ең айтулы аламанда сынға түскен сайыс 51 шақырымға созылды. Жарыс жолына шыққан 37 сәйгүліктің алғашқы екі айналымда барлығы өтті. Ал 6 айналымның соңғы түйінінде мәре сызығын 12 ат кесті.

Екі жылда біро рет өтеді деп шешім шығарып, биыл өңірлер бойынша алғаш рет Атырау атырабында өткен аламанның қорытындысы бойынша 9 атқа жүлде берілді. Жүлде алған жүйріктерді таныстырар болсақ:

9-орын: Атырау облысы, Индер ауданынан келген 21-ші нөмірлі «Алима» есімді 6 жастағы көк бие. Шабандозы – Бақдәулет Есімжан, ат иесі әрі бапкері – Олжас Шонышев. (300 000 теңге)

8-орын: Алматы облысы Талғар ауданынан келген 27-ші нөмірлі «Өскемен» атты 4 жасар ағылшын тұқымды торы айғыр. Шабандозы – Нұрболат Сүнетай, ат иесі – Мерхат Бұлғынов, бапкері – Нұржігіт Табылдиев. (400 000 теңге)

7-орын: Алматы облысы Аққайнар ауылынан келген 16-шы нөмірлі «Жаужүрек» атты 4 жастағы қазақы күрең айғыр. Шабандозы – Ерасыл Әділбек, ат иесі – Бекарыс Үмбетов, бепкері – Заңғар Байқанбаев. (550 000)

6-орын: Атырау облысы Жылой ауданынан келген 2-ші нөмірлі  «Жетіқазына» атты будан айғыр. Шабандозы – Жандәулет Шалабеков, ат иесі – «Бақай» корпарациясы, бапкері – Азамат Піржанов. (750 000)

5-орын: Атырау облысы Махамбет ауданынан келген «Жезкиік» атты ағылшын тұқымды 7 жасар құла бие. Шабандозы – Нұрасыл, ат иесі – Марат Өтепов, бапкері – Қанат Махаметәлиев. (1 млн теңге)

4-орын: Маңғыстау облысынан келген «Айтөбел» атты 5 жасар қоңыр будан айғыр. Шабандозы – Ерболат Жаңбырбаев, ат иесі әрі бапкері – Келдібай Ибраев. (1 500 000)

3-орын: Жамбыл облысынан келген «Дос» атты 5 жастағы арабы торы айғыр. Шабандозы – Нұр Сайлау, ат иесі – Елдос Сұлтанбеков, бапкері – Серік Әлімбеков. (2 500 000)
2-орын: Жамбыл облысынан келген «Шымшық» атты 7 жастағы будан торы бие. Шабандозы – Алдияр Сансызбай, ат иесі – Жасұлан Әбдібеков, бапкері – Мақсат Мураханбаев. (5 млн теңге)

1-орын: Қызылорда облысынан келген «Қоянқасқа» атты ағылшын тұқымды жирен бие. Шабандозы – Ғалымнұр Ноғайбек, ат иесі – Бердібек Мыханов, бапкері – Қуат Әбсалямов. (10 млн теңге)

Осымен биылғы жылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өз мәресіне жетті.

Аламан бәйгенің жеңімпаздарын Ұлттық спорт қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов, «Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Жамбылұлы марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің бас бәйгесін 2014 жылғы бәйгеде 75 жүйрік арасынан «Бақторы», 2015 жылғы бәйгеде 96 жүйрік арасынан «Самал», 2016 жылғы бәйгеде 78 жүйрік арасынан «Жаннұр», 2017 жылғы бәйгеде 37 жүйрік  арасынан екінші рет «Самал» олжалаған болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Сырым 20 Қазан, 2019 10:28 Жауап

    Тұлпар деп жылқының ұрғашыларын емес, еркегін айтушы еді. Қазір биелер де қатындар сияқты басты рөлді сомдап жатыр екен. Бұл дегеніміз ақшаның құлы болған заманда, атты тұлпар қылып еңбектенудің орнына, табиғатынан 40 жаны бар ұрғашы биелерді пайдаланып табыс табушылар көбейген сияқты. Сондықтан, батырлардың ізін жалғау керек болса биенің артықшылығын пайдаланып күн көруді қою керек!

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз + 18 =