ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНАДЫ

9340
4
Бөлісу:

Бүгін Ұлттық Кеңестің ұсыныстарын іске асыру туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жүргізген жиын болды.

Ұлттық Кеңесте ұсынған ұсыныстарымның үшеуі – ең бастысы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, латын әліпбиін жетілдіру және Жошы хан кесенесі тұрған Ұлытауды халықаралық туризм мекеніне айналдыру мәселелерін Мәдениет министрлігі бірден қолға алып, іске кірісіп кеткені қуантады.

Тіл саясаты комитеті төрағасы Ғалымжан Мелдеш мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау туралы баяндама жасады. Енді бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді білуі міндетті болады.

Мәдениет министрлігі жанынан Мәдени саясат жөніндегі кеңес құрылуда екен. Алдын-ала жасалған кеңес мүшелерінің тізімі таныстырылды. Мен қаламгерлерден Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың дауреаты Ұлықбек Есдәулет пен ақын-драматург әрі сазгер Исрайл Сапарбайды ұсындым. Қазақ суретшілерінен ҚР Көркемсурет академиясы вице-президенті, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Жанұзақ Мүсәпірді, Қазақ журналистерінен «Қазақ газеттері» АҚ президенті Шәмші Пәттені және Ұлттық академиялық кітапхананы мәдениет пен өнер ордасына айналдырып келе жатқан басшысы Үмітхан Мұңалбаеваны ұсындым.

Рухани көшбасшылардың беделді пулына Төлен Әбдік пен Смағұл Елубайды ұсындым. Ұсыныстар түгел қабылданды.

Ұлттық Кеңес мүшесі Ауыт Мұқибек Мәдени саясат кеңесіне жазушы Тұрсынхан Зәкен мен ғалым Ақеділ Тойшанды ұсынды.

Жиында көптеген құнды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылды.

Жалпы, Ұлттық Кеңес ұсыныстарын іске асыруға кірісіп кеткен Мәдениет министрлігінің мәнді отырысы үш сағаттай уақытқа созылды.

Толық мағлұматты алда жазылар мақалада айтамыз.

Қазыбек Иса,

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Тайбей Бекболат. 14 Қазан, 2019 12:37 Жауап

    Міндеттеу түк емес. Қазақ даласына орыс тілі гестаполық,фашисттік әдістермен еңгізілді. Дәл сондай әдіспен конституциядан орыс тілін алып тастау керек. Әйтпесе Ел болмаймыз.Бекболат Т.С.

  2. Мәмбет Құрманбаев 15 Қазан, 2019 14:43 Жауап

    Тіл туралы заңды қабылдау басты міндет болуы керек ! Ал тілді мемлекеттік қызметкерден бастап барлық салаларда міндетті түрде білуін талап ету керек ! Барлық қалалар мен елді мекенде тұратындар ұлтына қарамастан мемлекеттік тілде сөйлеуі мен жазуы қатаң қадағалануы дұрыс болар еді ! Міндетті түрде мемлекеттік тілді білуін және толық ұлтаралық қатынас тіліне айналдырса Мемлекетіміздің мерейі мен құрметі жоғары деңгейде тұрары анық!

  3. Дархан 16 Қазан, 2019 17:14 Жауап

    Қазақ тілі өзінің орнын таппайынша, қазақ халқы көтеріледі дегенге сенбеймін, себебі рух болмаған жерде ездік туындайды, шайнап бергенді жұта алмайтын, ерік жігер, мінез көрсететін тұлғалар болмайды, көкірек оянбайды.

Пікір немесе жауап жазу

екі × бір =