«Басыңды иіп, кешірім сұра»: Танымал қоғам қайраткері Арман Шураевқа хат жазды

12000
23
Бөлісу:

АРМАН ШУРАЕВҚА ХАТ!

Арман балам!

Сіздің қазанның 10-ынан 11-іне ауып бара жатқан түнде Абзал Құспанға жолдаған видеоарнауыңызды көргенде ойымызда ештеңе жоқ еді. Тек сөздеріңіздің арасында «түн жамылып отырмын» яғни жалған сөйлегім келмейді, «мен қанішер емеспін», «бір қатынға интервью беріп отырып, өзің де қатын болмасайшы айналайын!» деп алып, «Абзал бауырым, басқа қатты сөздерді пайдаланғым келіп отыр, бірақ өзімді тежеп отырмын», «Байқап сөйле!» деген сөздеріңізден ызғар есіп тұрғанын мойындарсыз. Өзіңізді ұстап отырғандайсыз, бірақ түріңізден де, дауысыңыздан да менменсу, «менімен тайталасатын бұл кім?» дегендей айбат көрініп тұрды ғой, қарағым.
Ал кейінірек жазылған комменттерді қарасақ, сіздің шын бет-бейнеңіз әлі алда екен. Оны жасыра алмапсыз, көрсетіп алыпсыз.
Қасиет Құрманалиева деген қызға (қыз екені рас, жеке таныстығым бар): «дәл осы уақытта билігіңізді беріп жібергеніңіз қызық екен?» деген сөзіне: «намысыңызды нанға сатып жүргеніңіз анық болды» депсіз. «Мені дұрыс түсінбеген боларсыз» десе: «бұл жезөкшелігіңіз» депсіз. Қасиеттің: «Жезөкше? Сіз сутенерім болға ба едіңіз??? Арман мырза, сіз артық кетпеңіз» дегеніне: «Сутенеріңіз Абзал мен Иса» депсіз.
Қайта қыз ұстамды екен: «Сіз негізі өте саяз Адам екенсіз!» деп қана қоя салыпты.
Арман! Бай екеніңізден, медиамагнат екеніңізден бұрыннан хабардар едік. Арқа сүйенеріңіз мықты екенін соңғы іс-әрекеттеріңіз көрсетіп тұр. Бірақ сізге мұншалықты дөкір мінез көрсетуге кім құқық берді?!
Сіздің де екі қызыңыз бар екен. Соларға «қатын», «жезөкше» деп сіз айтқан сөзді айтса, қандай күйде болар едіңіз.
Өмір бойы бір салада ғана қызмет етіпсіз. Институт бітірмей тұрып, телеарнаның жастар редакциясын басқарыпсыз. Сонда үйренген өнегеңіз осы ғана ма?!
Шынына келсек, жеті жылдан бері жағаласып келе жатқан, күн көріп отырған ісіңізді, қалайша өз еркіңізбен министрге байлап жібердіңіз.
Қалайша сотталушы мен адвокаттан келісімді жаздырып алып, апта өтпей сізге конкурент Федерацияға да құқық қорғау органының бірінші басшысы сайланып алады?
Бұл екі шешімде қандай параллель бар?!
Сұрақ көп.
Елге жаңа басшы келіп, тазару процесі басталып жатқанда, бұл қай тірліктеріңіз. Нұр Отан партиясында айтылған «перезагрузканы» мақұлдап үн қатқандарыңыз осы ма?!
«Перезагрузка» сөзіне интернет жүйесінен түсініктер іздегенімізде, бұл сөз негізінен компьютерге қатысты айтылатынын байқадық. Оларда: «Перезагру́зка – процесс, при котором компьютер либо другое устройство полностью очищает, либо восстанавливает содержимое оперативной памяти и возобновляет свою работу заново» делінген.
Сонымен бірге, космостық аппараттарда, «бағдарламаларды орындауға қойылатын шекті уақыт ішінде, оның орындалғанына белгі берілмесе, онда байланыстырушы аппараттың (компьютердің) зердесін зорлап тазарту қажеттігі туындайды. Бұл компьютердің өз жұмысын тоқтатып, белгісіздік жағдайына көшуіне, басқарушы сигналдарға жауап бермей, «өшіп» те қалмай, «тоқтап қалу» жағдайына (орысша «зависать») тура келеді екен.
Компьютердің бағдарламасында оны «қайта іске қосу» депті.
Бұл тұжырымдардан шығатын қорытынды – партияда әлдебір белгісіздік, «тоқтап қалу» үдерісі бар екенін мойындалған сияқты.
«Жаңғырту» сөзі де жасап жатқан істерді «қайта қарастыру», «басқа қалыпқа көшу» дегенді мегзейді. Маған салса, өмір сүруге, табысқа жетуге қатысты: «перезагрузка» сөзін «сауықтыру» деп алса да боларлық.
7 қыркүйек күні, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузынан да «әлеуметтік саланы «перезагрузка» жасау қажет» деген сөзі айтылды.
Алі бізде әлі – Сіз қатысқандай тұрғыда, баяғыша «перезагрузка» жүріп жатырған сияқты.
Менің Сізге ұсынысым – көп кешіктірмей, Қасиет Құрманалиеваның тауып алып, басыңызды иіп кешірім сұрағаныңыз абзал.
Бұдан былайғы кезде адамдар байлық пен билікті пайдаланып, ойына келген сөзді айта бермейтін ахуалға көшуіміздің бір жолы осы болсын.

Мырзагелді Кемел,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 23 пікір жазылған

  1. Әйгерім Өтебайқызы 12 Қазан, 2019 18:23 Жауап

    Иәә, расымен көңіл қалдырарлық күйде болдық. Видеоны көргенде, «түн жамылып тұрмын» деген әңгімелерді естігенде, мә мынау расымен шынын айтып тұрған түзу адам болды-ау деп отырғанбыз. Астындағы пікірлерден кейін ойбуу, пәлі!

  2. Гүлмира Әлішбаева 12 Қазан, 2019 18:25 Жауап

    Бетпердесі шешілді деген осы болад! Мәдениеттен жұрдай! Ұят!

  3. Мәмбет Құрманбаев 12 Қазан, 2019 21:23 Жауап

    Асқақтама Арман Шораев енді өз қазағыңның қаракөздерінеде тіл тигізуге көштің бе ? Өзіңнің де сол секілді қарындас, әпкең бар шығар ? Соларды біреу сен секілді қараласа қалай қарайсың ? Басыңды иіп сол өзің қаралап отырған қыздан кешірім сұрау сенің парызың! Ер азамат болсаң кеш емес басыңды иіп кешірім сұра Арман Шораев!

  4. Гүлім 12 Қазан, 2019 21:53 Жауап

    Мұндай аузынан ақ ит кіріп көк ит шығатын, не сөйлеп не қойғанын білмейтін адамдар Ұлттық кеңеске қалай мүше болып жүр! Түсіне алар емеспін!

  5. Гүлзат 12 Қазан, 2019 21:59 Жауап

    Шураевтың шынайы бет-бейнесі ашылды деген осы! Қазыбек Иса мен Абзал Құспанның ар-намысына тиіп, қаршадай Қасиетті «қорлап» не оңамын деп отыр? Қазыбек Исаның атынан да, затынан да салаға кетсін, бұл кісі…

  6. Гүлжайна 12 Қазан, 2019 22:01 Жауап

    Қазыбек Исаның атынан да затынан да садаға кетсін өзі? Егер саналы азамат болса дəл осылай аузына келгенін құсып, көптің жиіркенішін тудырмас еді.

  7. Шаки 12 Қазан, 2019 22:06 Жауап

    Ой тоба, мына Шураев қыз өсіріп отырған əке бола тұрып қалай ғана Құдайдан қорықпайды? Кез келген ақыл есі түзу адам біреуді тілдемес бұрын бұл ісім өзімнің немесе ұрпағымның алдынан күндердің күні шығады-ау деп ойланады ғой. Балаларының болашағы да бəрібір болғаны ма сонда?

  8. Айым 12 Қазан, 2019 22:13 Жауап

    Қазақ қыздың наласынан қатты қорыққан. Сондықтан да қызды төрге отырғызып, Қадірлі қонағындай құрметтеген. Мұны елдің бəрі біледі. Сіздің білетініңізге күмəн келтірген соң жазып отырмын. Қыздың бір түйір көз жасы сізді көгерте қоймайды. Сіздің адам жазбақ тұрмақ, оқуға ұялатын сөздеріңізге Қасиеттің көзінен бір тамшы жас аққан болса, онда оның жазасын сізге Жаратушы иеміз міндетті түрде жібереді. Кəміл сеніңіз. Одан да кешірімін алғаныңыз өзіңіз үшін де, ұрпағымыз үшін де жақсы.

  9. Алмас Асемханулы 13 Қазан, 2019 00:13 Жауап

    Видеода сойлегенде басқа көз қарас ұалыптастырғандай болып еді Арман Шораев. Мына қарындасқа олай деп тіл қатуы басқа ой қалдырды.

  10. Алмас Асемханулы 13 Қазан, 2019 00:15 Жауап

    Аоман Шораевтың бұл мәдениетсіздігімен қалайша Ұлттық Кеңесте ақыл айтпақшы

  11. Qyr balasy 13 Қазан, 2019 00:21 Жауап

    Қасиет деген қарындасты аяп кеттім ғой. Армандай азаматтың бұлай қызға айтуы бассыздық. Қараптан қарап отырып осылай қаршадай қызға жезекше деуі қалай?

  12. Qyr balasy 13 Қазан, 2019 00:23 Жауап

    Ұллтық Кеңестің мүшесі Арман Шораев ұлт үшін сөз ұстайтын азаматқа лайық емес.

  13. Мураджан 13 Қазан, 2019 08:36 Жауап

    Ит терісін басына қаптапты. Абзал ағамыздың қандай адам екенін жақсы білеміз.

  14. Əсия 13 Қазан, 2019 15:35 Жауап

    Ұлттық кеңестен шеттетілуі керек Арман сияқты аузына келгенін айтып отырғандар. Басқа басқа Ұлттық кеңес дəл осы кісінің пікіріне мұқтаж емес.

  15. Мадина 13 Қазан, 2019 15:42 Жауап

    Дер кезінде Арман Шораевқа ағалық ақылын айтқан Мырзагелді Кемел ағамыздың бұл да бір кемелдігі деп білемін! Кешірім сұрауын талап етеміз.

  16. Гүлім 13 Қазан, 2019 15:48 Жауап

    Иə Шураев бəріне нақақтан нақақ жала жауып, ардан безген, ұяттан безген етіп қойды ғой. Ендігі жерде Қазыбек Исадан, Абзал Құспаннан, Қасиеттен кешірім сұрасын.

  17. Перне 13 Қазан, 2019 16:36 Жауап

    Өте орынды айттыңыз Гүлім! Қатын деп дөрекі сөйлеген Сəуледен де кешірім
    сұраса артықтық етпейді Шураев.

  18. Іңкәр Әлемқызы 14 Қазан, 2019 09:02 Жауап

    Қазыбек Иса аға да әдеттегідей қақ маңдайдан соғып сұлатып жауап беріпті: «Арман Шораев, базарда тұрған жоқсвң, байқап сөйле! Саған жақсы таныс сутенерлікте менің шаруам жоқ. Мен ешкімге сутенер болған емеспін, тіпті саған да»-деп өлтірген жауаптан соң Шораевың нағыз жезөкше кім екеніне көзі жеткен шығар….

  19. Махамбет 14 Қазан, 2019 09:17 Жауап

    Ол оттаубай Арман Шораевың өтірік ұлтшылдың рөлін ойнап жүрген «Аңқау елге арамза молда» ғоц. Әйтпесе, отбасы, бала-шағасы түгел орысша сөйлейді. Оның ұлтшылдығы КТК-да жүргенде қазақтың қасиетті асын «БЕШБАРМАК-ШОУ» деген хабармен Ұлтшылдықты шоуға айналдырып, мазақ еткені! Сондықтан билік рұқсат берген шеңберде айқайлап қойып хайп жинап кәйіп алу. Арман Шораевтың нағыз ұлтшылдар арасындағы аты БЕШБАРМАК-ШОУ!!!

  20. Бақыт 14 Қазан, 2019 09:21 Жауап

    Көшенің жаргонымен сөйлейтін базарный блогер Арман Шораевты кім Ұлттық Кеңеске кіргізіп жүрген? Қазақ қыздары Қасиет пен Сәцле Ақжүністен кешірім сұрады ма ол?

  21. Злиха 15 Қазан, 2019 21:47 Жауап

    Ислам ағаның тырнағына татымайтындар қайдан пайда болды бүйректен сирақ шығарып.

  22. Аман 17 Қазан, 2019 01:26 Жауап

    Арман Шораев Улттык Кенестiн мушесi… Шораев окымаган бейпiл ауыз, урыскак катын сиякты.

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − бес =