Қазыбек Иса. АҚОРДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙДІ!

 


"Ең бастысы - Қазақ тілі болуы тиіс" Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев

Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Кеңес мүшесі, белгілі экономист, саясаткер Ураз Джандосовты қабылдады. Осы жерде: "Қазақ Президенті мен Қазақ саясаткері қай тілде сөйлесті екен?"-деген сұрақ қойсақ, бұны оқыған өзге елдің азаматтары "Бұлардың есі ауысқан ба, әрине, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!"-деп, сұрақ қоюшы біз байғұсты кінәлап тастайды. Ал шынында да, АҚОРДАДА ҚАЗАҚТАР ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСТІ? Әрине, екі қазақ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ емес - шет тілінде - РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСТІ! 

Өйткені, Ураз Джандосов Қазақ тілін - Мемлекеттік тілді білмей-ақ және білгісі де келмей-ақ, вице-премьерлікке дейін көтерілген саясаткер! 

Егер мемлекет тізгінін ала салысымен "Ең бастысы -Қазақ тілі болуы тиіс" деп мәлімдеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ Ураз Джандосовтар түгілі, "қазақша білуге міндетті емеспін" дейтін, халық қазынансынан жәрдемақы алған халықты сол үшін, "билікке тізерлеп тұрып рахмет айтуы керек" деген Қазақстан Парламенті вице-спикері Владимир Божкомен де Мемлекеттік тілде сөйлессе, шынында да, ЕҢ БАСТЫСЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІ" болар еді...  

Иә, ол үшін, мемлекет басшысы  айтқандай: "Қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болуы керек" алдымен Конституциямыздан орыс тілі туралы 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастауымыз керек! 

АҚОРДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙДІ! 

Қазыбек ИСА,

qazaquni.kz