Қазыбек Иса. АҚОРДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙДІ!
2019 ж. 11 қазан
5648
4
"Ең бастысы - Қазақ тілі болуы тиіс"Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев
Кеше Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Кеңес мүшесі, белгілі экономист, саясаткер Ураз Джандосовты қабылдады.Осы жерде: "Қазақ Президенті мен Қазақ саясаткері қай тілде сөйлесті екен?"-деген сұрақ қойсақ, бұны оқыған өзге елдің азаматтары "Бұлардың есі ауысқан ба, әрине, ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ!"-деп, сұрақ қоюшы біз байғұсты кінәлап тастайды.Ал шынында да, АҚОРДАДА ҚАЗАҚТАР ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСТІ? Әрине, екі қазақ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ емес - шет тілінде - РЕСЕЙ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСТІ!
Өйткені, Ураз Джандосов Қазақ тілін - Мемлекеттік тілді білмей-ақ және білгісі де келмей-ақ, вице-премьерлікке дейін көтерілген саясаткер!
Егер мемлекет тізгінін ала салысымен "Ең бастысы -Қазақ тілі болуы тиіс" деп мәлімдегенҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ Ураз Джандосовтар түгілі, "қазақша білуге міндетті емеспін" дейтін, халық қазынансынан жәрдемақы алған халықты сол үшін, "билікке тізерлеп тұрып рахмет айтуы керек" деген Қазақстан Парламенті вице-спикері Владимир Божкомен де Мемлекеттік тілде сөйлессе, шынында да, ЕҢ БАСТЫСЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІ" болар еді...
Иә, ол үшін, мемлекет басшысы айтқандай: "Қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болуы керек" алдымен Конституциямыздан орыс тілі туралы 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастауымыз керек!
АҚОРДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕЙДІ!
Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz