ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫН ҚОРҒАҒАН ИСЛАМ ӘБІШТІ ХАЛЫҚ ТА ҚОРҒАЙДЫ!

1078
18
Бөлісу:

ЕРТЕҢ БІЗ ИСЛАМ ӘБІШТІҢ ОРНЫНДА ТҮРМЕДЕ БОЛМАУ ҮШІН БҮГІН БІЗ ОНЫ ҚОРҒАЙЫҚ!

ХАЛЫҚ ҚАРЖЫСЫН – 1 триллион 300 миллиард теңгені (кемінде 1300 мектеп/аурухана құны) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛАРДАН ҚОРҒАҒАНЫ үшін СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҰЛТТЫҚ БЮРО 7 айдан бері қамап, 4 рет инфаркт алса да, тергеу бітіп кетсе де, үйқамаққа да шығармай отырған Ислам Әбішке Азаматтық қолдау жасау Сіздің қолыңызда!

Ол үшін осы сотқа келіп, БҮГІНГІ СОТТЫҢ ШЫН БЕЙНЕСІНЕ КУӘ БОЛЫҢЫЗДАР! Игі істерімен исі қазаққа белгілі Ислам Әбішті қолдап, «Қазақ үні» ұлттық порталында Қазақстан Президентіне жазылған Ашық хатқа әйгілі Ұлт зиялылары бастап, барлығы 200 мыңдай азамат қол қойды!

Енді осы қолдауымызды іспен көрсетер кез келді!

ЕРТЕҢ БІЗ ИСЛАМ ӘБІШТІҢ ОРНЫНДА ТҮРМЕДЕ БОЛМАУ ҮШІН БҮГІН БІЗ ОНЫ ҚОРҒАЙЫҚ!

2019 жылы 14 қазанда сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қ., Омаров к. 57 үй мекен-жайында орналасқан Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ИСЛАМ ӘБІШЕВ ісі бойынша АШЫҚ СОТ болады.

ӘДІЛДІК ЖОЛЫНДА ӘРҚАЙСЫМЫЗ ӨЗ ҮНІМІЗДІ КӨРСЕТЕР КЕЗ КЕЛДІ! БҮГІН ҚИМЫЛДАМАСАҚ, ЕРТЕҢ КЕШ БОЛАДЫ!

Бүгін асүйде жайлы диваннан тұрғысы келмегендер, ертең түрмеде жайсыз нарда оянуы мүмкін екенін ұмытпаңыздар!

ИСЛАМ ӘБІШТІ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 18 пікір жазылған

  1. Əсемкүл 11 Қазан, 2019 16:51 Жауап

    Исламдай Елдің Ерін қолдау – халықтың табан ақы, маңдай терімен табылған қаржысын қорғау болып табылады. Сондықтан бұл істе шет қалмайық.

  2. Малика 11 Қазан, 2019 16:55 Жауап

    Бүкіл қоғамның назарын өзіне аударған Ислам Əбішев ісіне ешбіріміз бей-жай қарамайық ағайын. Бұл істе «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып ауызбіршілік танытып, 14 күнгі өтетін сотта мейілінше қолдау көрсетейік ағайын. Алла жар болсын!

  3. Маржан 11 Қазан, 2019 16:58 Жауап

    Ислам Əбішев ісінде ешбір БАҚ аузын ашып, қолдау көрсетуге жарымады. Бұл тұрғыда белгілі ақын Қазыбек Иса басқаратын қашан да қазақтың үні болған «Қазақ үні» газеті мен порталына алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз жанып, Ислам ағамыз ақталып шықсын!

  4. Алмас Асемханулы 11 Қазан, 2019 17:31 Жауап

    Ислам Әбіштіі ісі қоғамның ауруға шалддыққаннын көрсететін индикаторы іспеттес. Біз қазір бұл істі оңынан шешпесек әрі қарай жағдайымыз нашарлайды.

  5. Азипа 11 Қазан, 2019 22:06 Жауап

    Он жылға сотталған Бишімбаев күні бүгін ақталып, үйіне шықты. Ислам Əбішев ағамызға да бостандық беріледі деп сенеміз!

  6. Перне 11 Қазан, 2019 22:13 Жауап

    Елбасының араша түсуімен босап шыққан Бишімбаевтың жолын берсін! Исекеңнің ақ адал атқарған қызметі үшін бұған дейін қызметіне қайта тағайындаған елбасы ең болмаса босатылып шықса екен.

  7. Мира 11 Қазан, 2019 22:22 Жауап

    Бүкіл қоғам назарын аударған бұл істе Ислам Əбішев ақталып шығады деген зор сеніміміз бар. Бұған дейін өз қызметіне қайта қойған елбасы бұл жолы дей жай қарайды деп ойламаймын.

  8. Қарақат 11 Қазан, 2019 22:29 Жауап

    Күні бүгінге дейін билік тізгінін ұстаған қаншама адам түрмеде өткізді өмірінің ең бір сəулелі сəттерін. Алла қолдап аман шықсын!

  9. Алмас әсемханұлы 11 Қазан, 2019 22:45 Жауап

    Ислам Әбіш тергеу ісін ооыс тілден қазақ тіліне ауыстырған. Бұндада қазақ халқы үшін ойлап істеген шаруасы. Бұл әділетсіздікті барлық қазақ естісін деп және қазақ тілді аудиторияның деңгейін көтеру екен.

  10. Qyr balasy 11 Қазан, 2019 22:48 Жауап

    Ислам Әбіш тергеу ісін ооыс тілден қазақ тіліне ауыстырған. Бұндада қазақ халқы үшін ойлап істеген шаруасы. Бұл әділетсіздікті барлық қазақ естісін деп және қазақ тілді аудиторияның деңгейін көтеру екен. Оның өзі тергеу ісінің тілін оңайшылықпен аударпаған. Адвокаты Абзал Құспанның тыңғлылқты ісінен әйтеуір іс қазақ тіліне ауыстырылған екен.

  11. Мая 15 Қазан, 2019 12:57 Жауап

    Шындығында Ислам Əбіштей мемлекетке осыншалықты жанашырлықпен қызмет ететін, млн. емес трлн. үнемдейтін басшыларды қазір май шаммен іздесек те таппаймызю

  12. Зоя 15 Қазан, 2019 13:03 Жауап

    Ары таза азамат Ислам Абишевтің қадіріне жетейік, ағайын. Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?!

  13. Зира 15 Қазан, 2019 13:04 Жауап

    Қанша жерден Əбішевті жазғырғысы келгенмен, егер Алла қаламаса ешкім де ешқашан ештеңе жасай алмайды.

  14. Гүлім 15 Қазан, 2019 13:08 Жауап

    Рухы мықты азаматтың рухын сындыра алмайды қандай сот болса да. Жаратушымыз көп тілеуі қабыл болады деген. Алла амандық беріп сотта аймаңдайлы азамат Ислам Əбішевтің жүзі жарқырап жеңіп шыққанын көруді нəсіп етсін!

  15. Зəмзə 15 Қазан, 2019 21:06 Жауап

    «Ер жігіттің басына нелер бір келіп не кетпес» демекші, Исекең бұл сынақтан сүрінбей өтіп, аман есен отбасына оралсын!

  16. Фатима 15 Қазан, 2019 21:10 Жауап

    Егер Исекең адамдықтан айныған азамат болса онда дәл қазіргі күннің өзінде жан-жағына нұрын шашып, жанындағы жандарға қол ұшын беріп жүрмес еді. Риза болдым жанындағы жазықсыз жапа шеккендерге көрсеткен қолдауына.

Пікір немесе жауап жазу

4 + тоғыз =