Қарағандыда белгісіз біреу жолаушылар автобустарына оқ атты (видео)

664
0
Бөлісу:

8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ», – деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі – 4,5 милиметр, пневматикада қолданылады.  Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр», – деді ведомство өкілдері.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

алты + он екі =