Мемлекет басшысы бірқатар қабылдаулар өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады. Президент Тамара Асарға шығармашылық табыстар тіледі.