«Араша түсуіңізді сұраймыз»: Халық қалаулылары Президентке ашық хат жазды

2263
16
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жамбыл облысының бір топ мәслихат депутаттары мен ардагерлері, Сізге хат жазудағы мақсатымыз – ҚР Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің біздің өңірде су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі кеңестік кезеңде салынып, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен, нақты қолданыстағы жүйелер іс жүзінде өз міндетін толыққанды атқара алмай, ел егін шаруашылығында үлкен нәтижеге қол жеткізе алмағанын сараптамадан өткізіп, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жасақтауда үлкен үлес қосқанын жеткізгеніміз жөн.

Осы аталған бағдарлама Ислам Әлмаханұлының Су ресурстары комитеті төрағасы қызметін атқарып тұрған тұста ол кісінің орасан зор еңбегінің, байқампаздығының, жаңашылдығының және өз жұмысын облыс көлеміндегі барша су жүйесі нысандарын аралап көру іскерлігінің арқасында жасақталды.

Бүгінгі күнде, бағдарлама аясында 436 нысанды қайта қалпына келтіру, 86,2 мың игерлмеген суармалы жерді іске қосу жоспарланды. Одан басқа облысымызда жаңа 3 су қоймасын – «Ырғайты», «Қалғұтты» және «Ақмола» су қоймаларын салу енді.

Апатты жағдайдағы 3 су қоймасын қалпына келтіру, (ирригация және дренаж жүйелерін жетілдірудің екінші фазасы, үстіміздегі жылы Қапал каналдарын қалпына келтіру жұмыстары құрлысы басталды.

Қорыта келе, Ислам Әбішевтің бастамасымен бастау тапқан мемлекеттік бағдарлама толығымен іске асқан жағдайда Жамбыл облысына 70 млрд.теңге инвестиция кіреді, жылдық ішкі өнім 90 млрд.теңгеге өседі, су шығыны 2-2,5 есеге азаяды, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі 70 пайыздан жоғары артады.

Аса құрметті Президент мырза!

Кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ақиқатқа көз жеткізіп, Әбішевті арашалап қалғаны белгілі. Ислам Әбішевтің қызмет барысында жіберген кемшіліктеріне кеңшілік жасап, осы аталған еңбектерін ескере отырып, Сіздің де араша түсуіңізді сұранған болар едік.

Жамбыл облысы мәслихатының депутаттары:

Б.Алдашов, Г.Тілеубердиева, Б.Қарашолақов, Г.Умаров, Д.Айтуленов, А.Нұржанов, Ж.Айтишев, А.Райқұлов, М.Ескендіров, А.Еділбаев, Г.Нұрымова.

Редакциядан: Өздеріңіз көріп отырғандай, бұрын Түркістан облысынан сайланған ҚР Парламентінің депутаттары мен облыстық мәслихат депутаттары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың атына И.Әбішевтің әділетсіздіктің құрбаны болып кетпеуіне көмектесуін өтінген хат жолдаған болса, енді сондай хатты Жамбыл және Қызылорда облысының мәслихат депутаттары жолдап отыр. Сондай-ақ осы тектес үндеу Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал, Түркістан, Ордабасы, Арыс және Шардара аудандық депутаттары атынан да жөнелтіліпті.

Бұл нені білдіреді? Бұл – елге сіңірген адал еңбектің ешқашан далаға кетпейтінін білдіреді. Әйтпесе сол парламент, әсіресе, облыстық мәслихаттардың депутатының барлығы бірдей Ислам Әбішевті жете тани да бермейді, онымен тонның ішкі бауындай жақын араласқан ағайын-жекжат немесе жолдас-жора да емес. Бар болғаны олар азаматтың халыққа деген шынайы жанашырлығын, мойнына жауапкершілікті ала білетін іскерлік қабылет-қарымын лайықты бағалап отыр. «Сырт көз – сыншы» қашан да. «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма!» деген жоқ па Абай да? И.Әбішевтің сөзі мен ісі бір жерден шығатын болғандықтан бүгін ел ағалары араша сұрап отыр. «Ерді кебенек үшінде танып», адамдық қасиет көрсетіп отыр. Аталарына рахмет ол азаматтардың! «Халық» – Алланың екінші аты. Көптің тілегі ертелі-кеш орындалары, елі үшін көзсіз ерлікке барған адал жанның тар қапастан құтылып, ортамызға оралары хақ!

Өмірзақ Ақжігіт,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 16 пікір жазылған

  1. Жәннат 10 Қазан, 2019 12:16 Жауап

    Пайғамбар жасына жеткен, еліне еңбегі сіңген, беделді Ислам ағамыздың әділетсіздіктің құрбаны болған тағдырына араша сұраймыз.

  2. Мәмбет Құрманбаев 10 Қазан, 2019 17:47 Жауап

    Әділетсікке жол бермей, тек қана әділдікті жақтап, ақ пен қараны ажырата шешім шығарар деген үміттемін. Неше түрлі әрекеттер жасап, адвокат Абзал Құспанның аяғынан шалуы Ислам Әбішевтің ісінің таза екенін дәлелдегені үшін ! Ислам Әбішевтің ел алдында да, заң алдында да, ар алдында да таза екені толық дәлелін көрсете білуі ертең Ислам Әбішев бостандыққа шығуына тосқауыл жасап отырған жалақор көркөкіректер түбі шындық жеңерін сезе ме ! Түбінде шындық жеңіп Ислам Әбішевті бостандықта тойда көру нәсіп етсін !

  3. Ғалия 10 Қазан, 2019 21:07 Жауап

    Президент Тоқаев көреген Елбасымыздың сара жолын жалғаған ел басшысы ретінде Нұр ағамыздың ізімен Ислам Əбішевке араша болады деген ойдамыз.

  4. Аружан 10 Қазан, 2019 21:09 Жауап

    Ғалия дұрыс айтасыз, Нұрсұлтан көкеміз адам танып Əбішевті босатып, қызметіне қайта қойған еді. Тоқаев та адам танитыны анық. Араша болсыншы!

  5. Зарина 10 Қазан, 2019 22:19 Жауап

    Мəмбет аға айтқаныңыз келсін! Рухы мықты азамат болған соң Ислам ағамыздың тергеуде тұрған жерінде де еңсесі түспей, жүзі жарқырап тұр ғой. Алла қолдасын! Босап шықсын! Отбасына оралсын!

  6. Разия 10 Қазан, 2019 22:27 Жауап

    Жаннат ханым дұрыс айтасыз! Əділдіктің құрбаны болған атпал азаматқа Президентіміз араша болады деген сенімдеміз.Жаратқан жар болсын!

  7. Мақпал 10 Қазан, 2019 22:37 Жауап

    Егер де Ислам ағамыздың ары таза болмаса еліміздің түкпір-түкпірінен халық қолдамас еді. Ол кісінің адалдығын айтып, Дулат ағамыз бастаған зиялы қауым өкілдері қолдап қорғамас еді.Алла қолдасын, Ағамызды.

  8. Мөлдір 11 Қазан, 2019 22:40 Жауап

    Президент Елбасы салған жолменен Əбішевке араша болады деген ойдамыз.Соттың Əділ өтуіне тым болмаса мұрындық болса Əбішев жеңіп шығары сөзсіз.

  9. Ая 11 Қазан, 2019 22:44 Жауап

    Жеті айдан бері рухын сындырмай, тас түрмеде қандай ауыр болса да шыдап баққан Əбішевке сансыз рахмет. Жеңіс шығасыз əлі-ақ.

  10. Ару 11 Қазан, 2019 22:50 Жауап

    Бұл өмірде пайғамбар жасқа келіп немерелерінің қызығын көруге тиіс адамды бұлай азаптау адам құқығын аяққа тастау ғой бұл.Бостандық Əбішевке!

  11. Аша 11 Қазан, 2019 22:55 Жауап

    Амандық берсін Алла баршамызға. ИССЕКЕҢДІ қолдау міндетіміз. Аймаңдайлы Азаматына қазақтың.

  12. Камила 11 Қазан, 2019 22:57 Жауап

    Бар қазақ қолдаған бір қазақ ол – Əбішев Ислам .Жазықсыз жанға бостандық!

  13. Алина 13 Қазан, 2019 16:02 Жауап

    Ел президенті Тоқаев халық қалаулыларының пікірін ескеріп,Ислам Əбішевке араша болсын!

  14. Толқын 13 Қазан, 2019 16:05 Жауап

    «Көп тілеуі көл» демекші, Ислам ағамызға деген халықтың тілеуі қабыл болсын! Дін аман отбасына оралсын!

  15. Бағила 13 Қазан, 2019 16:11 Жауап

    14 күні Нұрсұлтан қаласында өтетін сотта төбе көрсетіп, қолдау білдірейік ағайын. Ауызбіршілік бар жерде ғана іс алға басады. Барша тілеулес жан сол жерден табылайық, Ислам Əбішевке бостандық берілуін талап етейік!

Пікір немесе жауап жазу

он + 11 =