«Ерді кебенек ішінде таны!»: Депутаттар әділдік сұрап Президентке хат жазды

1436
12
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздің бүгінгі Сізге хабардар етіп отырған азамат Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әлмаханұлы Әбішев.

Су ресурстар комитеті лауазымда қызмет етіп тұрған кезде Қызылорда облысының су шаруашылығының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқандығы. Өзіңізге белгілі Сыр өңірінің егістік жерлерінің 98 пайызы суармалы, сондықтан Сырдария өзенінің суына тікелей тәуелдіміз. Бұл мәселені Ислам Әлмаханұлы көрші елдермен арадағы ағын су мәселесін уақтылы шешілуін қамтамасыз етіп отырды. Сыр елінің егіншілерінің егістектерін жаз айларында судан қалдырмау және қыс айларында Сырдария өзеніне түсетін мол судан төтенше жағдайды болдырмау мақсатында «Көксарай» су реттегішінің салынуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, жаз айларында өзеендегі су деңгейінің аз болуына байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұсынан Сырдария өзенінің бойына су тіреуіш плотиналарының салынуын қамтамасыз етті.

Облыстағы көлдер жүйесіне баратын су жолдарының тазалануына, экологиялық жағдайдың жақсаруына, көлдер жүйесінде балық шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосты.

Елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше түтікті құдықтар қазылып, елдің алғысына бөлене білді. Арал, Қазалы аудандарында «Сарыбұлақ» жерасты, Жаңақорған, Шиелі аудандарында «Жиделісай» жерасты таза ауыз суымен қамтамасыз етуде қажырлы еңбек етті.

Бүгінгі таңда Қызылорда Қазақстандағы халқының 85-90 пайызы таза ауыз сумен қамтылған бірден бір облыс. Сондықтан Сыр елі халқының өкілдерінің атынан Ислам Әлмаханұлы Әбішевтің жасаған нәтижелі еңбегн бағалай отырып, бүгінгі И.Ә.Әбішевтің басына түсіп жатқан қолайсыз жағдайдың әділ шешім қабылдануын назарыңызға алуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары:

Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы,

ҚР Парламенті Сенатының

екі шақырылымдағы депутаты,

«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері,

қоғам қайраткері

Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты,

«Құрмет» орденінің иегері

Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің

4-шақырылымының депутаты.

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары:

Әбдікәрімов Шәкизада Өтетілеуұлы,

Әлімқұлов Темірхан Мәлікұлы,

Әмитов Нұриддин Егембердіұлы,

Жансақалов Әбдімәжит Әлмағанбетұлы,

Кенжебаев Темірхан Бердәліұлы,

Құттықожаев Ибайдулла Дүйсенбайұлы,

Махамбетов Асқар Аралбайұлы,

Махашов Бақдәулет Еркінбекұлы,

Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы,

Оңғарбаев Имамадин,

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайлы,

Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлы,

Ысқақова Райхан Құсайынқызы,

Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Əлия 10 Қазан, 2019 20:12 Жауап

    Ислам Əбішевке бостандық берілуін сұраймыз. Халықтың тілегі қабыл болсын. Мұндай азаматтың қадіріне жетуіміз керек.

  2. Азиза 10 Қазан, 2019 20:15 Жауап

    Халық қалаулыларының пікіріне құлақ асса екен Қасым Жомарт Кемелұлы. Ислам Əбішевке бостандық беріледі деген сенімдеміз. Алла жар болсын!

  3. Сара 10 Қазан, 2019 20:49 Жауап

    Рухы мықты азаматты бұлайша қапаста ұстау ол кісінің отбасының ғана емес, барша халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Алла қолдап, босап шықсын!

  4. Мәмбет Құрманбаев 10 Қазан, 2019 21:42 Жауап

    Билікте отырған лауазымды заң тұлғалары әділдікті жақтап оңай нәтиже шығарар деген үміттемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзада сыбайлас жемқорлықпен күресу агенттігінің ісін қадағалап істің ақ қарасын шешіп жазықсыз жапа шегіп жатқан Ислам Әбішевтің бостандыққа шығуына қолдау көрсетер деген үміттемін!

  5. Ая 10 Қазан, 2019 22:47 Жауап

    Қасым-Жомарт Кемелұлы депутаттардың үніне құлақ асады деп ойлаймыз! Жаратушы жар болғай!

  6. Мая 10 Қазан, 2019 22:50 Жауап

    Мəмбет аға жөн айтасыз. Аққа Құдай жақ болып, Ислам ағамыз алдағы сотта жеңіп шықсын! Шын ниетпен тілектеспіз!

  7. ГҮЛІМ 10 Қазан, 2019 22:55 Жауап

    Ердің қадірін білу керек. Соншалықты атқарған еңбегі еске түссе, ішіміз удай ашып кетеді. Алла қабыл етсе екен етжақындарының тілеуін!

  8. Бабарахым Кенжеғараев, Шымкент қаласы. 15 Қазан, 2019 20:44 Жауап

    Ислам Әбіш мырзаны мен сонау ХІІ-ші шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесіне депутаттар сайлау кезеңінен бастап білемін. Көп ретте азаматтығын таныта білді. Кейін қызметі көтерілген кезде де қарапайымдылығынан танбады. Кейбіреулер сияқты даңғазалық пен өзім білемін деген теріс әдеттерден бойын аулақ ұстады. Қай кезде де қара орта мен зиялы қауым арасында болып, ой бөлісуден айнымады, толықсып – болымсыған жоқ.
    Ол әсіресе, шығармашыл топ туралы ерекше шәркез күйлерге берілетін. Бәлкім, шығармасы да болған шығар?.. Осындай бір тұстарда: «Шығармашылықпен елді танытатын одақтарға мемлекеттік дәрежеде қаржыландырып отыру» туралы ойларымен де бөлісіп отыратын. Бұл Ислам Әбіштің «Істі болмай тұрып-ақ» жүрегінен құйылған нұр болатын.
    Ол кісі елдің емексуімен спортқа барды. Алтай өлкесіне өтіп, қолынан келгенше халқына қызмет жасады. Оны мезгілді ақпарат құралдарынан оқып, танысып отырдық. Оңтүстікте атқарған гидромелиориациялық кешендегі еңбектері де жетерлік. Қазақтың: «Қашқан қоян – тығылған қоянды ала кетеді» дегені сияқты, Ислам Әбіштің осы ісін сот судьялары оң көзбен қарағаны дұрыс деп ойлаймын. Күні ертең халық сол судьяларға: «Қандай құрбандыққа бардың?» деуі әбден мүмкін ғой!
    Бабарахым Кенжеғараев, Шымкент қаласы.
    тел.(в/ц): 8-701-840-29-297

  9. Шакизат 15 Қазан, 2019 21:28 Жауап

    Бабарахым ойыңыз орынды. Исекеңнің игі істері жетерлік елі үшін жасаған. Елі бағалап, барып қолдау жасап та жүр. Қай қызметте жүрсе де ақ адал атқарған жан.

  10. Дина 15 Қазан, 2019 21:36 Жауап

    Қолдаушы қара нардай халқы барда Ислам Əбішевке ешқандай сот өз залалын тигізе алмайды. Ел Еріп қолдайды қашан да.

Пікір немесе жауап жазу

3 + үш =