ОҒЫЗ ДОҒАНДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН "ҚАРА ТІЗІМГЕ" КІРГІЗІП, ҰШЫРМАУ ДЕГЕН НЕ МАСҚАРА! (видео)

Абзал Құспан "Эйр Астанамен" сотта тағы да Оғыз Доғанның мүддесін қорғайтын болады

Біздің елде жеке компаниялардың ішкі заңы Мемлекеттің заңынан күшті ме?

Адвокат Абзал Құспан "Эйр Астанамен" сотта тағы да Оғыз Доғанның мүддесін қорғайтын болады.

Мемлекеттік тілді қорғап, сотта жеңіп шыққан Оғыз Доғанды Эйр Астана" қалайша "қара тізімге" кіргізеді?!. Отбасымен, әйелі және кішкентай сәбиімен Шымкентке ұшқалы тұрғанда заңды билеті болса да, ұшаққа жібермей қойды. Бұл барып тұрған заңсыздық!

Ұшырмайтын болса, "сотта жеңілгені үшін кек алатын болса, неге билет сатады бір жарым ай бұрын?!.

Біздің елде жеке компаниялардың ішкі заңы Мемлекеттің заңынан күшті ме?

Фейсбуктағы дабылды көрген белгілі адвокат Абзал Құспан маған телефон соғып, "Эйр Астанамен" тағы да сотта жолығатынын мәлімдеді. "Эйр Астана" компаниясының бұл ісі барып тұрған заңсыздық! Алдында "Эйр Астана" компаниясын сотқа берген Оғыз Доғанның ісін мен қорғап, жеңіп шыққанымыз белгілі. Енді Оғыз Доған қайта сотқа беруі керек! Мен өзім қорғайтын боламын"-деді адвокат Абзал Құспан!

Иә, ол атышулы сотта Қазақ тілінің мүддесін "Қазақ үні" бастаған қазақ сайттары да қорғаған болатын.

Тәуелсіз Қазақ әуе жолын жекешелендіріп алған "Эйр Астанамен" енді тағы да жеңісті сотта жолыққанша, Тіл күрескерлері!

Қазыбек Иса, qazaquni.kz