Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Байжановты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындады, - деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды",  - деп жазылған ресми хабарламада.

Ғалым Байжанов кім?

Ғалым Байжанов 1963 жылы туған. Ол "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. Генерал-лейтенант ақпан айында сыртқы барлау қызметіне қайта оралған еді.