Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өртеп жіберген - полиция

43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Бұл туралы полиция департаменті баспасөз қызметі Tengrinews.kz ресми сауалына жауап берді.

Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

"Осы дерекке қатысты полицейлер күдіктінің ұстады. Ол әйелдің 43 жастағы күйеуі болып шықты. Отбаслыық жанжалдан соң ер адам әйелді ешкім жоқ жерге алып шығып, үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады", - деді қалалық полицейлер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.