Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді

371
0
Бөлісу:

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығын қызметтік міндетін атқарудан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Департамент бастығының орынбасары А.Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы С.Жұмалинаға қатысты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының жүріп жатуына байланысты Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Б.Билялов атқарып отырған лауазымынан босату туралы рапорт берді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақмола облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқару ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймұрзинге жүктелгендігі айтылған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × бес =