Таразда ақжолдықтардың «Азапқа апарар жол» пьесасының тұсаукесері өтті

Жамбыл облыстық орыс драма театрында "Азапқа апарар жол" атты спектакльдің тұсауы кесілді. Идея авторы Азат Перуашев, сценарийін жазғандар Евгений Кинцель, Арман Сқабылұлы.

Қойылым Алаштың біртуар азаматы, халық әншісі, өмірі күреске толы Әміре Қашаубаев жайлы. Оның трагедияға толы өмірі тек бір адамның емес, «Алаштың» бар азаматының күрделі тағдырын бейнелейді.

Алаш арыстары жайлы қойылымның орыс тілінде болғанына қарамастан, зал көрерменге лық толы болды.