ІІМ жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты өзгертуді ұсынды

Қазақстанның ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен техникалық құжаттың дизайнын өзгертуді ұсынды. Ұсынылған өзгерістер көрсетілген жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ жүргізуші куәлігінің түсін өзгертуді ұсынып отыр. Мұндай өзгеріс енгізілсе, аталған құжат ашық күлгін түсті болмақ. Ал ақпарат енгізілген микросхема куәліктің артқы жағына орналастырылады.

Сонымен қатар техникалық құжатта штрихкод пайда болады.

Ішкі істер министрлігіндегілер жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті әзірлегенде анағұрлым сапалы әрі технологиялық өнімді пайдалануға уәде етті.