Тоқмәди түрмеден байланысқа шығып, Әблязовтің қалай қорқытқанын айтып берді

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди "Хабар" телеарнасындағы "Большая неделя" ток-шоуы эфирінде Мұхтар Әблязовтың қалай банкир Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Токмәди қазір жазасын өтеп жатқан колониядан байланысқа шықты. Оның айтуынша, Әблязов оның отбасына қауіп төндірген.

"Ол арнайы қызметтердің біздің қарым-қатынасымыз туралы бәрін білетінін айтты. Біздің аң аулауға ғана емес, өмірде де жақсы қарым-қатынасымыз барын біледі деді. Мені және менің отбасымды қорқытты. Өлтіремін немесе қаматамын деп қорқытты. Онда банк алдында қарызым төрт миллион болды. Ол өзі ұсынды (Тапсырыс бергенін айтып отыр - Ред.). Барлық қарыз өтелетінін айтты", - деді ол.

Сондай-ақ, Тоқмәди Әблязовтің өзі оны Тәтішевті өлтіруді сұрағанын айтты.

"Барлығы бірнеше кездесулерде болды. Ол маған Ержанның оған дұрыс қарамағанын айтты. Ол өз үлесін алып, оны шақырды. Мен барлық сөзімді растаймын", - деп атап өтті сотталушы.

Өз кезегінде судья Азамат Тілепов Әблязовтің Тәтішевті не үшін өлтіруге тапсырыс беруді шешкенін айтты. Оның айтуынша, Әблязов пен Тәтішев БТА банкін 1999 жылы сатып алды. 2002 жылы Әблязов қамауға алынып, сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Алдын ала тергеу кезінде олардың арасында уағдаластық болған: Әблязов өз активтерінің бір бөлігін Тәтішевтің атына қайта жазуы керек болды. Мәміле құны сол сәтте - 300 миллион доллар болды. Олигарх 2003 жылы рақымшылықпен босап шыққанынан кейін оның құны шамамен үш миллиард теңгеге дейін өскен активтерге қатысты банкирмен даулар туындаған.

"Оларда өзара дау пайда болды. Бұл тергеу кезінде дәлелденген. Әблязов Тәтішевтің көзін жоюды шешті. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, оған ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев көмектескен. Тәтішев істегеннің бәрін Әблязов біліп отырған", - деп атап өтті Тілепов.

Сондай-ақ, ток-шоу эфирінде Дүтбаевтан бейне жауап алынды, ол Әблязовтың өтініші бойынша банкирдің байланыстары туралы ақпарат жинағанын мойындады. "АЖО (ақпарат жинау орталығы) қызметкері Репниковты шақырған, Тәтішевтің телефонын бақылауға қою керек деді. Тәтішев аң аулау кезінде қаза болған кезде, осыдан кейін "Тұран Әлем банкін" басқару үшін күрес басталғае. Тәтішевтің банктегі үлесін мұраға алып, иесіз қалған банкті басқару үшін күресті бастады. Әблязов банкті бақылауға алуға көмектесуді сұрады", - деді ҰҚК бұрынғы басшысы.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған. Алматының Алмалы аудандық соты оны бопсалау және қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыны заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау және тасымалдау деректері бойынша айыпты деп танылды. Ол прокурормен келісімге келді. Сот үкімімен Тоқмәди 2017 жылдың 10 қазанында 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтеп жатыр.

Кейін Тоқмәди КТК телеарнасына берген сұхбатында Тәтішевті өлтіргенін мойындаған. Ол "Банк Тұран Әлем" экс-басшысын өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс берді деген. 2018 жылдың наурызында Тоқмәди 10,5 жылға сотталған.

Банкир Ержан Тәтішев 2004 жылдың желтоқсанында Отан станциясы маңында аң аулап жүргенде қаза болған. Ол Toyota Land Cruiser тізгінінде болған. Аңды қуып жеткен кезде ол қаруды Мұратхан Тоқмәдиге берген. Сарапшылардың сол кезде жасаған қорытынды бойынша, көлік ойыс жерге түсіп кетіп, қару өздігінен атылған делінді. Оқ банкирдің басына тиген. Оқ оның шүйдесінен кіріп, оң көзінен бірақ шыққан. Сол уақытта бұл жағдай "қайғылы оқиға" делінген.