Сыртқы істер министрі: Қытайдағы қайта оқыту орталықтарында этникалық қазақтар жоқ

865
0
Бөлісу:

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдағы қайта оқыту орталықтарында отырған қандастарымыздың көбісі босатылғанын айтты. Қазір саяси мектептерде тек қандай да бір заң бұзушылық жасаған этникалық қазақтар ғана қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрінің қабылдауына республика бойынша 4 адам жазылған. Арызданушылардың қатарында өзі Қазақстанда, ал жанұсы Қытайда қалып қойған әйел бар. Аспан асты елі оның жанұяны біріктіруге бағытталған шақыртуын қанағаттандырмаған екен. Әйел осы мәселенің шешімін табу мақсатында министрдің көмегіне жүгінуді жөн көрді. Бірақ неге екені белгісіз ол қабылдауға келген жоқ.

«Жақында біздің президентіміз мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтты. Жоғары деңгейде ол жақта мынадай ақпарат расталды. Қазіргі уақытта қайта оқыту орталықтарында этникалық қазақтар отырған жоқ. Ал, мына азамат бүгін отбасылық мәселесі шешілген соң келмеді деп сенеміз», — деді Тілеуберді.

Сонымен қатар, ол министрліктің Қытайдағы отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін күтетінін айтты. Содан кейін ғана оны елге қайтару мәселесін көтеріледі екен.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

жиырма − он бір =