Конрад Аденауэрдың қорымен өткен келелі кездесу

187
0
Бөлісу:

Конрад Аденауэрдың қоры «Ақ жол» партиясымен «Парламенттік сайлау – бағдарлама мен кандидаттар. Партиядағы сайлауға дайындық» атты семинар кездесуін өткізді.

Шараға «Ақ жол» партия­сының төрағасы Азат Перуашев, қор өкілдігінің директоры Томас Хельм, ХДС партиясының Федеральді офисінің халықаралық қатынастар бөлімінің же­текшісі Бертиль Венгер, ХДС партиясының Феде­ральді офисінің партия мү­шелері мен реформалары жөніндегі жұмыс бюросының координаторы Франк Нибур, парламенттік фракция мү­шелері мен партия аппа­ра­тының қызметкерлері қатысты.
Қор өкілдері «Германия христиандық-демо­кратиялық одағы» (ХДС) партиясының жұмысы, оған жаңа мүшелерді тарту, партия мен фракцияның қызметі, партияны қаржы­ландыру мәселелері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Шара барысында халық­аралық партиялық ынтымақ­тастық мәселелері де көтерілді.
Азат Перуашев парламен­таралық диалогтың одан әрі жалғасарына сенім білдірді.«Мен, әсіресе, әлеу­меттік желідегі, ықпалдас­тықтың үлкен әлеуетін көріп отырмын. Сіздермен бірлесіп аймақтардағы әріптестерді жұмылдыра отырып, халықаралық семинар, тренингтер сериясын ұйымдастыра алсақ, онда нұр үстіне нұр болар еді», – деді.

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

9 − 3 =