Ислам Әбішев ісі – Президент Жолдауында сыналғандай, Ұлттық Бюроның  заңсыз арандатушылықтары жалғасуда!

2282
28
Бөлісу:

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында қатты сыналып,  арнайы Жарлыққа енгізілген Ұлттық Бюроның  заңсыз тергеп-тексерулері  мен арандатушылықтары жалғасуда!

Су ресурстары комитетінің экс төрағасы Ислам Әбішевтің ісі алты ай бойы дәлел-дәйек табылмаса да, ақыры сотқа жіберілді.  Сот алдындағы алдын ала алғашқы тыңдауда–ақ Ислам Әбішевтің қорғаушысы, белгілі адвокат Абзал Құспан  нақты дәлелдер  келтіріп, сотқа 8 өтініш жасады. Біз бүгін осы Ислам Әбішев ісіне қоғамның ерекше назар аударып отырғанын ескеріп, сол өтініштердің бір-екеуін жариялап отырмыз.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

ауданаралық мамандандырылған

қылмыстық істер сотының

судьясы Қ.М.Мекемтасқа

қорғаушы А.Т.Құспаннан

ҚР ҚК- 24 б, 3 б, 366 б, 4 б-мен

күдікті деп танылған

И.А.Абишевтың мүддесінде

тел: 87751270895

 

Ө Т І Н І Ш №6

 Ұлттық бюроның арандатушылық іс-әрекеттері туралы

 

Құрметті сот!

Сізге Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығынан мына пункттерге назар аударуыңызды сұраймын;

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етілген:

20 тармақ;

«Азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдіктерді арттыру, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жарыспалылығын, кінәсіздік презумпциясы қағидатының мүлтіксіз сақталуын, оның ішінде мыналар арқылы:
1) құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартқаны, көрінеу заңсыз ұстағаны, қамауға алғаны немесе қамақта ұстағаны, жауап беруге мәжбүрлегені, жалған дәлелдемелер және жедел-іздестіру материалдарын жасағаны, коммерциялық сатып алу не парақорлыққа арандатқаны, сондай-ақ жалпы қылмысқа итермелегені үшін, көрінеу жалған сөз жеткізгені, адвокаттардың қызметіне және адам мен азаматтық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өзге де адамдардың заңды қызметіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетуге кедергі жасағаны үшін жауаптылықты күшейту;
2) куәгер айғақтарының, сондай-ақ жол берілетін және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен бекітілмеген және расталмаған өзге мәліметтер ғана негізінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға және соттауға тыйым салуды белгілеу;
3) қылмыстық процесте қорғаушы тараптың дәлелдемелері мен шағымдарын жан-жақты және объективті қарауды қудалау органдарының лауазымды адамдары тарапынан осындай дәлелдемелер мен шағымдар бойынша сапасыз қарау немесе әрекетсіздігі фактілеріне қатаң ден қою шараларын қабылдай отырып қамтамасыз ету»!
21 тармақ;

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел іздестіру және тергеу практикасында заңсыз жұмыс әдістерін және арандатушылық іс-әрекеттерді қолдану фактілеріне жол бермеуіне, осындай фактілер бойынша жауаптылық пен жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын сақтауын қамтамасыз етумен қадағалауды және бақылауды күшейту».

Президент Жолдауында көрсетілген және Жолдауды жүзеге асыру мақсатында орындау шаралары бекітілген бұл пункттер біздің қарағалы отырған ісімізге дәл келетініне назар аударуыңызды сұраймын!

Оған дәлел осыған дейін жариялаған өтініштерімдегі көптеген нақты фактілер, оларды қайталап жазбай ақ қояйын.

Ең сорақысы арандату әрекеттерінің әлі тиылмай отырғаны. Дәл қазір Ислам Абишевтың туыстары қыздары, Абишева Гульмира, Абишева Мадина, туған інілері Абишев Нуралы, Абишев Ералхан, Абишев Қаныбектердің үстерінен пара беруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер тіркеліп, қылмыстық іс Бас прокуратураға түскен кезде, жоғарыда аттары аталған туыстарының үйлерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Бұның арандатушылық екенінің қарапайым дәлелі – Нұр Сұлтан қалалық тергеу сотынан үйлерді тінтуге санкцияны 03.07.2019 жылы алады, істің өзі оған дейін бірнеше ай бұрын тіркелген, ал тінту әрекеттері іс дәл Бас Прокуратураға түскен кезде жүргізіледі.

Енді осы кезге дейін сол тінту мен барлығын Ұлттық бюроға бір реттен шақыртып, үркітіп-қорқытқаннан басқа осы кезге дейін бірде-бір тергеу әрекеті жүргізілген жоқ.

Осылайша Президент жолдауында айтылып, арнайы Жарлыққа енгізілген заңсыз тергеп-тексеру әрекеттері Ұлттық Бюро тарапынан әлі жалғасуда!

Бас Прокуратураға жазған бірнеше беттік өтінішіме, жарты бетке де жетпейтін жауап алдық. Сол себепті Сізден менің тарапымнан жарияланған өтініштерге формальды қарамай, жан-жақты, объективті баға беруіңізді сұраймын!

Қорғаушы         А.Т.Құспан

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 28 пікір жазылған

  1. Алмас Асемханулы 4 Қазан, 2019 19:23 Жауап

    Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі жұмысын қадағалау керек дегені Ислам Әбіш ісі нақты мысал болуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі есеп айырысушылардың ққралы болуда.

  2. Qyr balasy 4 Қазан, 2019 19:26 Жауап

    Тергеу жұмыстарында Ислам Әбіштің паоа алды дегені нақты дәлелденбей сотқа жіберуі агенттіктің шындық алдында дәрменсіздігі.

  3. Qyr balasy 4 Қазан, 2019 19:28 Жауап

    Ислам Әбішке халықтың болысуы, адамдардың шынайы қайтарымсыз ісіне араша түсуі бұл кісінің сыйлы жақсы адам екендігінің белгісі.

  4. Жәннат 4 Қазан, 2019 21:24 Жауап

    Бұл деген ұят қой еш дәлелсіз нақақтан нақақ еңбегі сіңген, құрметті азамат, еңбек демалысына кетейін деп отырған, өмірін қызметке арнаған Ислам ағамыздың құқығы тапталып отыр. Біздің елде «әділ сот» бар ма деген сұраққа итермелейді.

  5. Сая 4 Қазан, 2019 22:50 Жауап

    Жанат ханым, сол сот Əділдік орнатады деген сенімдеміз. Ислам ағамыз өзі қызмет атқарған өңір үшін ғана еңбек етпеді, руханиятқа қамқор болып, исі қазаққа жақсылық жасады. Ақ жүрек азаматтың орыны түрмеде емес мінбеде болуға тиісті.

  6. Марина 4 Қазан, 2019 22:54 Жауап

    Иə, жөн айтасыздар. Ислам Əбіштің фб-дан тіпті түрмеде жатса да, жанындағы өзі секілді нақақтан нақақ күйіп отырған азаматтардың босап шығуына септігін тигізіп жатыр екен. Алла разы болсын, ақ адал азаматқа. Еселеп қайтчын өзіне!

  7. Жарқынай 4 Қазан, 2019 23:28 Жауап

    Құзырлы орындар тарапынан ұлттық бюроның мынадай заңсыздықтарына тосқауыл қойылу керек. Қайда қалды жаппай жолдауды қолдағанымыз? Президент айтқан нəрсе орындалуы керек.

  8. Мадина 4 Қазан, 2019 23:32 Жауап

    Абзал аға сізге халқыңыз сенеді. Ислам Əбішев ісі қоғамның жіті бақылауында. Сондықтан да, іс оңынан шешіледі деп ойлаймыз.

  9. Айжан 4 Қазан, 2019 23:56 Жауап

    Жұрттың сұрауы жауапсыз қалмау керек.
    Аққа құдай жақ.Әділдіктің жалауы желбірейді деп сенеміз !

  10. Айжан 5 Қазан, 2019 00:37 Жауап

    Бұл да бір сынақ, Аллам сабыр беріп, әділдік жеңіп, халықтың жанашыры, ұлтының біртуар бетке ұстар азаматына бостандық беріледі деп сенім!

  11. Гүлім 5 Қазан, 2019 21:55 Жауап

    Айжан айтқаныңыз келсін! Алла қолдап Ислам ағамыз аман есен отбасына оралсын!

  12. Гүлмира 5 Қазан, 2019 22:02 Жауап

    Бір кісіден есіктен оқиға ойға оралып тұр. Бір отбасында бала болмай Алладан перзент сұрапты. Сонда ерді зайыптылар ең болмаса бір күндік өмірі бар бала берші деген екен Алла. Тілектері қабыл болып ұлды болыпты. Алғашқы күні қуанып той беріпті. Бала аман. 2-ші,3-ші күні де дəл солай бүкіл халыққа той беріпті. Бала аман. Сонда əлі кішкентай перзенттің әкесі Жараушымыздан бір күндік өмірі бар бала сұрап едім, балам ұзақ өмір сүре ме қалай десе, мен бір күндік өмірі бар бала беріп едім, көптің тілеуі қабыл болып енді өмірі ұзақ болады деген екен. Сол секілді, көптің тілеуі қабыл болып, Ислам ағаның ісі оңынан шешілсе екен.

  13. Назира 5 Қазан, 2019 22:28 Жауап

    Президент берген уəделерін орындаймын деді. Рас болса осы сөзі жалақорларға шара қолданылсын.һ

  14. Аша 5 Қазан, 2019 22:32 Жауап

    Аман болайық . Бар болайық нар болайық.Ислам Əбішевке бостандық берілсін!

  15. Мира 5 Қазан, 2019 22:36 Жауап

    Қазақтың барша зиялы қауым өкілдері қолдап алдағы сотқа барсыншы. Дауысын жеткізсінші сотқа. АҚТАЛЫП ШЫҚСЫНШЫ арда азамат! Ислам Əбішевке бостандық.

  16. Сания 5 Қазан, 2019 22:38 Жауап

    Орыстың кемпірлеріне дейін жанарына жас алып тұрып шығарып салған бірден бір əкім Əбішев еді. Халқымен бірге Алла қолдасын! Жар болсын сізге Жаратқан!

  17. Абзал Алпысбайұлы 6 Қазан, 2019 20:24 Жауап

    Ислам Әбішев ары таза, халқының ырыздығын қорғап қалған аяулы азамат!!! Жазықсыз жала жабылып, темір торға қамалғаны еліміздегі жемқорлықтың шегіне жеткендігінің айқын көрінісі. Елдің қазынасын қорқаулардың қомағай аранынан арашалаған азамат бостандыққа шығуы тиіс!!!

  18. Жұлдыз 6 Қазан, 2019 23:09 Жауап

    Қазіргі кезде БАҚ үлкен күш, жұртшылық, қауым болып біріксек әділдік жеңіп, ағамыз түрмеден шығады деп ойлаймын!

  19. Айнұр 6 Қазан, 2019 23:20 Жауап

    Ол кісі кімге не үшін ұнамай қалды мәселе сонда. Қазіргі заманда жоғарыдағы адамдарға қарсы пікір, өз ойынды бүкпей айтқан адам жақпай, артынан шам алып түседі.

  20. Карлыгаш 6 Қазан, 2019 23:23 Жауап

    Айтарын ашып айтқан абайламай,
    Дариға-ай,
    Махамбеттер, Абайлар-ай!!!

  21. Құралай 6 Қазан, 2019 23:43 Жауап

    Ағамызды қолдап, қиын сәтте демеу болайык! Адам болған соң мына қоғамда әрбір азаматтың басына түсуі мүмкін жайт. Алла сізге денсаулық, төзім, жүрегіңізге сенім күшін берсін!

  22. Райгүл 7 Қазан, 2019 00:01 Жауап

    Облыс әкімі бірінші орынбасары, Өскемен қаласы әкімі, Су ресурстары комииеті төрағасы (Су министрі деңгейінде). Осындай үлкен қызметтер атқарған ел азаматын жасы келіп,зейнетке шығар кезде түрмеге қамау тарихқа сын, өте ұятты болып тұр. Барлық жағдай зерттеліп, іс қайта қаралу керек деп ойлаймын!

Пікір немесе жауап жазу

16 − 12 =