Абзал Құспан. Бір тиын да алмаған Әбішевке қалайша «ол пара алғысы келді» деп айып тағуға болады?

1078
15
Бөлісу:

Бұндай жауабы жоқ сұрақтар іс бойынша өте көп…

 

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында қатты сыналып,  арнайы Жарлыққа енгізілген Ұлттық Бюроның  заңсыз тергеп-тексерулері  мен арандатушылықтары жалғасуда!

Су ресурстары комитетінің экс төрағасы Ислам Әбішевтің ісі алты ай бойы дәлел-дәйек табылмаса да, ақыры сотқа жіберілді.  Сот алдындағы алдын ала алғашқы тыңдауда–ақ Ислам Әбішевтің қорғаушысы, белгілі адвокат Абзал Құспан  нақты дәлелдер  келтіріп, сотқа 8 өтініш жасады. Біз бүгін осы Ислам Әбішев ісіне қоғамның ерекше назар аударып отырғанын ескеріп, сол өтініштердің бір-екеуін жариялап отырмыз.

 

 Нұр-Сұлтан қаласы бойынша

ауданаралық мамандандырылған

қылмыстық істер сотының

судьясы Қ.М.Мекемтасқа

қорғаушы А.Т.Құспаннан

ҚР ҚК- 24 б, 3 б, 366 б, 4 б-мен

күдікті деп танылған

И.А.Абишевтың мүддесінде

тел: 87751270895

 

Ө Т І Н І Ш №4

Қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы

 

Құрметті сот!

Тергеу органдарымен И.А.Әбішев және С.Тукиевке мынадай жағдайда пара алуға оқталды деп айып тағылған;

  1. Бұрын қаржы полициясында қызмет атқарған «Азамат Шаймерденов» есімді азамат, «Қазбайлық» мекемесіне қатысы бар адамды танитын «Макишев» есімді адамға жолығып, оған «Қазбайлық» мекемесінен И.А.Әбішевтың аса ірі көлемде (250 000 000 екі жүз елу миллион теңге) пара талап еткенін жеткізеді,
  2. «Макишев» өз кезегінде, сол мекемеге іс жүзінде қатысы бар деп есептелетін, бірақ онысы құжат түрінде рәсімделмеген «Тюлегенов» есімді азаматқа жолығады,
  3. «Тюлегенов» басында келіскендей сыңай танытып, қандай да бір болмасын ақша сомасын беруден бас тартады,
  4. Соған қарамастан аз. «Азамат Шаймерденов» 21.12.2018 ж., «ҚБ» мекемесінен пара талап етіп жатыр деп И.А.Әбішевтың үстінен ҚР СЖҚК Ұлттық Бюросына арызданады,
  5. ҚР СЖҚК Ұлттық Бюросы аз. «Азамат Шаймерденовке» өз есебінен 10 000 000 (он миллион) теңге береді,
  6. «Азамат Шаймерденов» 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында екі бөліп 10 000 000 (он миллион) теңгені «Қазақ күресі» Федерациясының атқарушы директоры С.Тукиевке береді,
  7. С.Тукиев ол ақшаны, демеушілік көмек ретінде спортшылардың қажетіне жаратады,
  8. «Азамат Шаймерденов» 50 000 000 (елу миллион) теңгені (оның ішінде өзінің де, Ұлттық Бюроның да ақшалары бар) 14.03.2019 жылы «Шындаултеов Құнанбай» есімді азаматқа береді,
  9. Тергеудің версиясы бойынша аз. «Шындаулетов Құнанбай» ол ақшаны аз. «Абишев Қаныбекке» беруі, ал ол өз кезегінде осы іс бойынша «пара алушы» статусына ие Ислам Әбішевке беруі тиіс болатын,
  10. Алайда, тергеу органдары 03.2019 жылы операцияны тоқтатып, 50 000 000 (елу миллион) теңге алған аз. «Шындаулетов Құнанбайды» және Ислам Әбішев пен Серік Тукиевті аса ірі көлемде пара алмақшы болды деген күдікпен ұстайды,
  11. Қазіргі кезде 50 000 000 (елу миллион) теңге алған аз. «Шындаулетов Құнанбай» және тергеудің версиясы бойынша одан алып Ислам Әбішевке беру тиіс аз. «Абишев Қаныбекке» қатысты істер, олардың әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылған
  12. Ал, ешқандай ақша алмаған және стенограммада ақша алу, беру, талап ету туралы бірде-бір сөзі жазылмаған Ислам Әбішев пен «Азамат Шаймерденовтен» «Қазақ күресі» Федерациясына демеушілікке деп 10 000 000 (он миллион) теңге алған және оны сол мақсатта жұмсағаны тергеумен анықталған Серік Тукиев қамауда отыр.
  13. Пара талап етілді деген «Қазбайлық» мекемесі болса, Ислам Әбішев басқарған «Су ресурстары Комитетімен» 2018 жылдың күзінде шарт жасасып, осы кезге дейін еш кедергісіз өз жұмыстарын атқаруда.

Енді құрметті сот назар аударыңыз!

Қылмыстық істің 1 томы, 3-5 беттерінде Шаймерденовтың жазған арызы бар, ол арызға сәйкес И.Абишев оның басқаруындағы «СМП 610» мекемесінен  2014 жылы 1 000 000 АҚШ доллары көлемінде пара алды деген дерек көрсетілген. Сол кездегі курс бойынша ол ақша 180 000 000 теңгеге келеді, Шаймерденовтың «Қазбайлықтан» 250 000 000 теңге алып, оның 190 000 000 өзіне алып қалып, Абишевке бермекші болған 60 000 000 теңге сол ақшаның айырмасы екен-мыс! Енді осы аңыз – легенда негізінде тергеу органдары, Шаймерденовтың арызын тіркеп, ол бойынша бірнеше ай көлемінде тергеу әрекеттерін жүргізіп, кейіннен 15.03.2019 жылы Абишевтың іс-әрекетін саралау барысында, сол 2014 жылы 1 000 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшінде күдіктелетіні көрсетілген. Яғни, Абишев пара алуға оқталудан бөлек, аса ірі көлемде пара алғаны үшінде күдікті деп танылды.

Енді, ең қызығы кейіннен іс қазақ тіліне аударылған соң, ЖТТ құрамы жаңартылып, ЖТТ басшысы болып А.Аташев танылғаннан кейін Абишевтың 2014 жылы Шаймерденовтен 1 000 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны туралы дерек Қаулыдан «түсіп» қалады. Ол прокурормен бекітілген айыптау актісінде де көрсетілмеген.

Енді менде сұрақ? Сонымен тергеу органдары бір емес, бірнеше ай көлемінде жүргізген жедел-іздестіру, тергеу жұмыстары нәтижесінде 2014 жылғы факт бойынша қандай шешім қабылдады? Пара беруші екендігін ашық мойындаған Шаймерденовке, пара алушы деп басында танып қойған Абишевкке қандай шаралар қолданылды? Менің қорғауымдағы Абишев дәл сол факт бойынша жауапталғанда жоқ, ол бойынша қабылданған процестік шешім бар болса, онымен қол қою арқылы танысқанда жоқ!

Одан басқа, алдыңғы өтініштерімде пара берушінің де, пара алушының да статусы күмәнді деген болатынмын. Егер, жаңа айыптау актісіне сәйкес, И.Абишев 2014 жылы Шаймерденовтен 1 000 000 АҚШ доллары көлемінде пара алмады деп есептейтін болсақ, онда ол Шаймерденовтен 60 000 000 теңгені не үшін, қандай заңсыз қызметі үшін алмақшы болған?

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының 6 тармағында былай делінген: «Парақорлық туралы істерді қараған кезде, адамның параны алып сол үшін пара берушінің мүддесіне орындауға немесе орындамауға жататын әрекеттердің шеңберін анықтау қажет. Осы ретте парақорлық үшін жауаптылық адамның параны әрекеттер немесе әрекетсіздік жасалғанға дейін немесе жасалғаннан кейін алған уақытына қарамастан, сондай-ақ параның алдын ала белгіленген-белгіленбегеніне, пара берушінің мүддесі үшін қандай да бір әрекеттердің орындалған-орындалмағанына қарамастан туындайтынын назарда ұстаған дұрыс».

Шаймерденовтың және ол басқарып отырған «СМП 610» мекемесінің 60 000 000 теңге параға тікелей қатысы жоқ, себебі, ол имитация бойынша «Қазбайлықтың» атынан беріліп отыр. Бірақ, «Қазбайлықтың» ешқандай құқығы шектелмеген, онымен шарт пара алынардан бір жыл бұрын жасалып қойған. Сонда бұл жерде Шаймерденов қалайша пара беруші болып танылуы мүмкін? Оның ешқандай құқығы шектеліп немесе бұзылып отырған жоқ және Абишев оның пайдасына өзқұзіреті шеңберіде ешқандай әрекет жасамаса?

Жедел-іздестіру қызметкерлері не себепті бір ай уақыттары бола тұра, параның адресатқа жеткізілуін күтпей, Құнанбай Шындаулетовтың алып жатқан жерінен оны ұстап, жедел-іздестіру әрекеттерін тоқтатқан? Неге тергеуші осы себептерді анықтау мақсатында жеде уәкілдерден куә ретінде жауап алмаған?

Үш айдың үстінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілсе де, қолына бір тиын алмаған Абишевке қалайша «ол пара алғысы келді» деп айып тағуға болады?

Бұндай жауабы жоқ сұрақтар іс бойынша көп.

 

Құрметті сот!

Сіз бұл істі енді өндірісіңізге алып, қарауға кіріскелі отырсыз. Мен басынан басап іске қатысып келе жатырған қорғаушы ретінде бұл сұрақтарға жауап таба алмадым.

«Қылмыстық істі сот отырысына дайындау барысында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулысы, ҚР ҚПК-ның 323 бабының талаптарына сәйкес, ол сұрақтарға Сіз жауап іздеугеде тиісті емессіз.

Атап айтқанда, көрсетілген Қауының 24 тармағына сәйкес; «340-баптың бірінші бөлігінің мағынасы бойынша басты сот талқылауына тек сол сотталушыға қатысты және ол сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жол беріледі. ҚПК-нің 204299-баптарының талаптарына қарамастан күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыда, айыптау актісінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, уақыты, орны, тәсілі, уәжі, салдарлары, саралануы және басқа да мән-жайлар туралы мәліметтер жазылмаған; айыптау актісінде көрсетілген айыптау күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыда көрсетілген айыптауға сәйкес келмеген; айыптау актісінде қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамды айыптау кезінде әрбір қылмыстық құқық бұзушылық жеке сараланбаған немесе бір қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін бірнеше адамды айыптау кезінде әрбір күдіктіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы көрсетілмеген жағдайларда, іс прокурорға алдын ала тыңдаудан қайтарылуға жатады» – деп нақты көрсетілген!

Сізге осы өтінішімді бере отырып, қылмыстық істі жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша сотталушылардың бас шарасын өзгерте отырып, прокурорға кері қайтаруды сұраймын.

Қорғаушы   А.Т.Құспан

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

  1. Ирина 4 Қазан, 2019 20:04 Жауап

    Кәсіби заңгер Абзал Қүспанның айтуынша Əбішев ісінде жауабы жоқ сұрақтар жетерлік. Ендеше, заңсыз қамап отырмай, босатуға тиіс Əбішевті. Халық қолдайды.

  2. Зоя 4 Қазан, 2019 20:22 Жауап

    Сот енді басқа қандай уəж айтпақ. Абзал Құспан бəрін қолмен қойғандай етіп көрсетіп берсе. Əбішевке бостандық берілуге тиісті.

  3. Гүлсінай 4 Қазан, 2019 23:12 Жауап

    Алғысы келді деген не сөз? Параны алып, жемқорлықты жең ұшынан жалғап отырғандарды да сайраңдатып қойып жүр ғой. Еліне адал қызмет еткені Əбішевтің жазығы ма?

  4. Махаббат 4 Қазан, 2019 23:16 Жауап

    Айтпаңыз, Гүлсінай, осындай арда азамат үшін қаншама халық қолдап, дауыс жинап өз үнін білдіріп отыр. Əбішевтің ақ екеніне бек сенімді халқы ақталып шығады деп күтуде. Лайым тілек қабыл болғай.

  5. Әйгерім Өтебайқызы 5 Қазан, 2019 14:44 Жауап

    Неткен шырмалаңы көп шешілусіз жатқан істер. Әділ әрі тура сот болса сағыздай созбай бірден Шешілер еді. Айыпталушының да жұрттың да мазасын алмай.

  6. Инабат 5 Қазан, 2019 21:33 Жауап

    Әйгерім Алладан тілеп отырмыз. Əлде де əділдіктің Ақ Туы желбірейді деп.Əбішевке бостандық.

  7. Гүлмира Садық 5 Қазан, 2019 21:37 Жауап

    Исламдай Алаштың айтулы азаматының таза, ақ адал екеніне редакциямызға жан-жақтан ағылып келіп жатқан үшбу хаттар арқылы көз жеткізіп отырмын. Сондықтан да, елі үшін ерен еңбек еткен Ерге бостандық берілсе екен деп тілеймін!

  8. Марзия 6 Қазан, 2019 22:00 Жауап

    Иə, Гүлмира «халық айтса, қалт айтпайды» деген бар. Қай кезде де көптің сөзіне құлақ асқан халқымыз. Дүйім жұрттың қолдауын ескеріп, əрі заңгер пікіріне сүйеніп, Əбішев ісінде нақты дəлелдің болмауын ескеріп Ислам ағамызды темір тордан босатса екен.

  9. Гүлнар 6 Қазан, 2019 22:03 Жауап

    Елі үшін барлық еүш-жігерін жұмсап, жанкешті жұмыс істеген Ислам Əбішев ісі қоғамның жіті бақылауында. Халқы қолдаған арда азаматты Алла қолдап аман есен туған халқымен дін аман қауышса екен.

  10. Рая 6 Қазан, 2019 22:11 Жауап

    Əбішевтің үнемшілдікке бағытталған билікке үндеуінің əрбірі көңілге қонымды. 6-шы үндеуінде: түрмедегі адамдардың санын азайтуға байланысты көкейге қонымды ұсыныстар айтыпты. Шындығында жеңіл-желпі іспен отырғандардың көпшілігін сырттай бақылауға алу тәсілімен бостандыққа жіберсе мемлекет қаншама қаржы үнемдейді екен.

  11. Сая 6 Қазан, 2019 22:14 Жауап

    Ислам Əбішевтің үндеуінің əрбірінде зор мəн жатыр. Білікті менеджер ретінде əрбір үндеуінде үнемге аса зор мəн береді. Осыны ескерер билік болса қанеки.

  12. Айзат 10 Қазан, 2019 23:16 Жауап

    Бір тиын алмаған, мемлекеттің мүддесін қорғаған адамды түрмеде қамау барып тұрған мемлекетке деген қастандық. Ер еңбегі ескерілсін деп тілейміз!’

  13. Ғазиза 18 Қазан, 2019 22:36 Жауап

    Пара алғысы келді деген не тірлік осы? Кəмпит жегісі келді деп баланы жазғырмаймыз ғой. Нақты дəлел болса алдына қойып, анығын айтпай ма?

  14. Мира 18 Қазан, 2019 22:39 Жауап

    Пара алса өмірінде Əбішев Елбасы сеніміне ие болар ма еді. Ел тарихында триллилион тұрмақ жарты млн. үнемдеген шенеунікті көрмпеппін. Исекеңе Алла жар болғай!

  15. Маржан 18 Қазан, 2019 22:44 Жауап

    Бар үмітіміз – ел Президенті Тоқаевта . Халықпен билік арасында тығыз қарым қатынас орнатып үлгерген мемлекет басшысы бұл іске бай жай қарап қалмас.Араша болса екен Ислам жəне Серік ағаларға!

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 14 =