Балалар баба рухына тағзым етті

136
0
Бөлісу:

Қостанайда «Ақ жол» партиясының облыстық филалының бастамасымен танымы мол тағылымды шара ұйымдастырылды.

Тобыл өзенінің жағалауын­дағы ұлағатты ұстаз Ыбырай Алтынсарин кесенесіне арнайы саяхат сабағы ұйымдастырылып, оған Қостанайдағы М.Хакім­жанова атындағы №20 мектептің көп балалы отбасынан шыққан оқушылары мен білім ордасының озат шәкірттері барды.
Онда «Ақ жол» партиясының облыстық филиалының аппарат жетекшісі Мешіт Ғазизұлы ұстаздың өмір мен ұлт үшін атқарған қызметіне тоқталды.
– Ыбырай бабамыз «Кел, бабалар оқылық…» деп азат елдің ұландарын білімге, ғылымға құштар болуға үндеп кетті. Біз, осындай тағылымы мол шаралар ұйымдастыру арқылы баба өсиетін өшірмей, өркен­дете аламыз деп есептеймін. «Ақ жол» партиясының Қос­танай облыстық филиалы алдағы уақытта да шаралардан қалыспай, ұдайы игі бастамаларға жол ашып тұрады, – деді Мешіт Ғазизұлы.
Баба кесенесі басында оқушылар ағартушы ұстаздың өлеңдерін жатқа оқыды.
Ұлы бабамыздың кесенесі об­лыстағы киелі орындардың қатарына жатады. Балғындардың бойына жастайынан төл тарихымызды сіңіре білсек, келешекте тағылымды ұрпақ өсері сөзсіз.

“top-news.kz”

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 − 1 =